Меню

Страницы

Статья

Адамдар туыстары мен достарының кеңесімен вакцинацияға отбасыларымен келе бастады

Сәуірдің екінші жартысында барлық аймақтарда вакцина алғандардың саны азая бастады, ал бір аптадан кейін олардың саны 30-35 мың адамға жетті. Содан соң рекордты көрсеткішке қол жеткіздік - 100 мыңнан астам. «Мұндай күрт секіріс жұмыс берушілердің немесе басқа да лауазымды тұлғалардың жұмысқа жібермеу қаупімен байланысты ма?» - деп сұрады журналистер денсаулық сақтау министрлігі басшысынан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 «Вакцинация ерікті түрде жүргізіледі, егер қандай да бір асыра сілтеулер болса, бұл жекелеген азаматтардың шешімі болар, біз оларды құптамаймыз», - деп үзілді-кесілді жауап берді спикер.

 Сондай-ақ, ол азаматтардың вакцинацияға келуі еліміз үшін табиғи құбылыс екенін жеткізді. 

«Бастапқы кезеңде азаматтар вакцинациядан тек Қазақстанда ғана қауіптенген жоқ. Жалпы, вакцинаның қаншалықты қауіпсіз екенін білмеген кезде мұндай үрдіс бүкіл әлемде орын алды. Вакциналар бар болса да, азаматтар сақтықпен қарады. Бірте-бірте, ақпарат көбейген соң, оның ішінде басқа елдерде адамдардың басым бөлігі егілгені мәлім болды, содан кейін Қазақстанда өз желілерді кеңейттік, сауда орталықтарында қосымша мобильді бригадалар ашылды, олар ұжымдарға шыға бастады, шалғайдағы ауылдық пункттерде 1400-ге дейін жылжымалы кешендер іске қосылды, вакцинаны еліміздің түікпір-түкпіріне тасымалдауға мүмкіндік беретін арнайы автомобильдік тоңазытқыш контейнерлер әкелініп, сатып алынды. Осылайша, азаматтар өз туыстары мен жақындарының вакцина алғанын және күтілгендей асқыну әсері болмағанын көріп, отбасыларымен келе бастады. Сәуір айында адамдардың көп келетінін білдік. Біздің азаматтарымыз сеніп, екпе сала бастады», - деді министр.

Дата публикации
06 мая 2021
Дата обновления
06 мая 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы