Меню

Страницы

Статья

Қазақстандықтардың жер иелігіне қатысты нормаларға белгіленген мораторий мерзімі 5 жылға ұзартылмақ Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/zher-ielgine-katysty-normalarga-belgilengen-moratoriy-merzimi-5-zhylga-uzartylady_a3780441

Бүгін Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында жер иелгіне қатысты нормаларға белгіленген мораторий мерзімін 5 жылға ұзарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы жерлерінің электронды форматта көпшілікке ашық түрде беру тетігін енгізу қажет. Оны өткен сенбіде бірге талқыладық. Аз дегенде 2023 жылға дейін уақыт керек. Оны да қарастыру керек. Сондықтан барша азамат жер иелікке немесе пайдалануға берудің әділетті және ашық өтетіндігіне көз жеткізу қажет. Өткен аптада осы жерде керемет, тарихи шешім қабылданды деп ойлаймын. Жерді жалға 49 жылға беруге байланысты шешім қабылданды. Оның өзі жердің қазіргі экономикалық айналымға енуіне толықтай мүмкіндік туғызып жатыр. Меншікке байланысты «болады не болмайды» деп шешім қабылдамай, оны болашаққа қалдыру керек деп ойлаймын», - деді отырыс барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов. Оның атап өтуінше, жерді меншікке беруге қатысты шешімді болашаққа қалдырудың бір-ақ жолы бар. «Ауыл халқы болашақта осы мәселеге қатысты тікелей шешім қабылдауы керек шығар. Парламентте біраз мәселе көтерілетіндігі айтылды. Соның бәрін болашақта ескере отырып, осы іске аз дегенде 3 жылдан 5 жылға дейін уақыт керек деген ойда отырмын. Асығыстық жасауға болмайды. Олай болса, жер иелгіне қатысты нормаларға жыл соңына дейін белгіленген мораторий мерзімін 5 жылға ұзартуды ұсынамыз. Бір ғана шешім болуы керек қой деп ойлаймын. Қазір бірнеше шешім қабылдауға, елді жан-жаққа тартуға еш қақымыз жоқ. Осы жердегі әрбір азамат жауапкершілікті мойнына алып отыр деп ойлаймын. Сондықтан, комиссия мүшелері осындай ортақ пікірге тоқталсақ деген ұсынысты ортаға саламын», - деді Ералы Тоғжанов. Комиссия мүшелері жер иелігіне қатысты нормаларға жыл соңына дейін белгіленген мораторий мерзімін 5 жылға ұзартуды қолдап дауыс берді.

 

https://www.inform.kz/kz/zher-ielgine-katysty-normalarga-belgilengen-moratoriy-merzimi-5-zhylga-uzartylady_a3780441

Дата публикации
26 апреля 2021
Дата обновления
26 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы