Зеренді ауданы әкімінің аппараты Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылғы 25 сәуірдегі №4 аудиторлық қорытындысы мен №46 нұсқамасына келесіні хабарлайды:
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 2019 жылғы бюджетті атқару кезінде жол бермеу үшін назарға алынған аудиторлық қорытындыда белгіленген бұзушылықтар мен кемшіліктермен танысты.Негізділік қағидаттарын сақтамау фактілеріне, түсімдер мен бюджеттік несиелендірудің қайтарымдылық қағидаттары бойынша тиісті мониторингке ерекше назар аударылды.Сондай-ақ, аумақтарды дамыту бағдарламасы және 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша қол жеткізілмеген нысаналы индикаторлар мен іс-шаралардың орындалмауы қаралды.
Бүгінгі таңда Зеренді ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, оны бекіту кезінде жоғарыда көрсетілген бұзушылықтар назарға алынады.
Аудитпен белгіленген қаржылық бұзушылықтар 1 636,9 мың теңге сомасында, атап айтқанда, ауданның бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2019 жылғы 1 қаңтарға дебиторлық берешекке жол беруі «Зеренді аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы №32-229 «Зеренді ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 26 сәуірдегі №36-254 шешімімен 1180,0 мың теңге сомада қалпына келтірілді және трансферттерді қайтару ағымдағы жылдың маусым айында Жұмыспен қамту орталығы бойынша 14,9 мың теңге сомасында, төлем шоты айдың басында қосымша беріледі.
«Зеренді ауданының Березняковка-Заречное ауылында су тартқыштың құрылысы және тарату желілерін қайта жаңарту» нысанының сараптамасына қатысты, «КазПроект Экспертиза» ЖШС аяқтау сатысында, орындау мерзімі 2019 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды.
Анықталған бұзушылықтар бойынша 201,3 мың теңге сомасына бюджеттік кредиттер бойынша берешекке қатысты, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын алған мамандардың берешектерін төлегені туралы түбіртектер берілді.
Жалпы, аудиторлық қорытындыдағы барлық көрсетілген бұзушылықтар мен ескертулер бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану және 2019 жылға арналған бюджетті атқару кезінде бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында жұмыста қолдану және басшылық ету үшін назарға алынды.