Меню

Страницы

Статья

2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-9 Зеренді аудандық мәслихатының шешімі

Зеренді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

 

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Зеренді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.
  2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Зеренді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.
  3. Осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Зеренді ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
  4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрайымы

 

Б. Дюсембекова

Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы

 

К. Аугалиев

 

2021 жылғы 22 қаңтардағы

№ 2-9

 

Зеренді аудандық

мәслихатының

2021 жылғы 22 қаңтардағы

№ 2-9 шешіміне

1-қосымша

 

 

Зеренді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар

 

Зеренді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар:

  1. Зеренді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы алаң, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 40.
  2. Алаң, Зеренді ауылы, Юрий Гагарин көшесі.
  3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тәуелсіздік көшесі Мұхтар Әуезов көшесінің қиылысынан Юбилейная көшесінің Чапаева көшесімен қиылысына дейін, одан әрі Чапаева көшесімен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне дейін.

 

Зеренді аудандық

мәслихатының

2021 жылғы 22 қаңтардағы

№ 2-9 шешіміне

2-қосымша

 

 

Зеренді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

 

  1. Зеренді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
  2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
  3. Зеренді ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

1) Зеренді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы алаң, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 40, шекті толу нормасы 150 адам;

2) Алаң, Зеренді ауылы, Юрий Гагарин көшесі, шекті толу нормасы 100 адам;

3) Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Тәуелсіздік көшесі Мұхтар Әуезов көшесінің қиылысынан Юбилейная көшесінің Чапаева көшесімен қиылысына дейін, одан әрі Чапаева көшесімен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне дейін, шекті толу нормасы 100 адам.

  1. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.

 

Зеренді аудандық

мәслихатының

2021 жылғы 22 қаңтардағы

№ 2-9 шешіміне

3-қосымша

 

Зеренді ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

Заңның 9-бабының 5-тармағында көрсетілген объектілердің іргелес аумақтарының шекарасынан 200 метр қашықтықта Зеренді ауданында пикеттеуді өткізуге жол берілмейді.

Дата публикации
22 января 2021
Дата обновления
22 января 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы