Меню

Страницы

Статья

Қызылсая ауылдық округінің әкімі Мәліков Ө.М. 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы, және алға қойылған жоспарлары туралы баяндамасы.

Құрметті Бауыржан Сейтқалиұлы!

Қадырлы ағайын!

Қызылсая ауылдық округының 2020 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және 2021 жылдың міндеттері туралы қысқаша баяндауыма рухсат етіңіздер!

Округ бойынша 2021 жылы 1 қаңтарға халқымыздың саны 552 адам болды. Үш ауылды мекенде 152 үй саны бар. Округте 74 зейнеткер, 20 мүгедек адам бар.

Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту бойынша 5 жұмыссыз адам қоғамдық жұмыстар арқылы жұмыспен қамтылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша әкімдік ғимаратта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы іске қосылған, ауыл тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталығына бармай көптеген қызмет түрлерін қызмет көрсету бұрышы арқылы алады.

Салықтар бойынша кіріс жоспарының орындалуы 2 млн 261 мың тенге, яғни 256 пайызға орындалды.

Ауыз су мәселесі бойынша округта 6 қоғамдық пайдаланатын ұңғымалар (скважина) және 98 жеке ұңғымалар бар, алайда оның бәрі бірдей ішуге арналмаған, сондықтан Қызылсая ауылындағы ұзақ уақыт жұмыс істемейтін су құбыры желісін күрделі жөндеу қажеттілігі бар. Алдағы уақытта жоспарға қойылған.

Ауыл шаруашылығы

Елді мекеніміз аграрлы аймақта орналасқан. Қазіргі танда шаруаларды иелігінде – 7307,3 га.бар,оның 3939,2 га. егістік жер,3368,1 га.жайылым жер.

Дала жұмыстары уақытында жұмыс жоспарымен жүргізіліп отырады. 2020 жылы 1188 га. жерге дәнді дақылдар егілді.

Егістік және жайылым жерлер сандық жүйеге тіркелген.ШҚ жер көлемін көбейтуде.

«Еңбек»ШҚ басшысы Ахишев Ж.А. алған өнімінен халыққа арзан бағамен арпа,сұлы таратты.

Мал шарауашылығы

Округ бойынша үш елді мекенде 1384 бас қара мал бар өткен жылмен салыстырғанда 281 басқа көбейді, қой мен ешкі саны 2929 бас өткен жылға қарағанда 158 басқа көбейді, жылқы саны 531 бас 27 басқа көбейді. Мал шаруашылығында ет өндіру мен қатар сүт өндіруде де жақсы көрсеткішке жеттік.

Мал дәрігерлік, ем-шаралары уақытымен жасалып отырады. Қанғырған иттер ауланым, жойылып отырады.

Кәсіпкерлік

Мемлекеттік бағдарламарының көздеген бағыттарының бірі ауылда кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және дамыту, бұл бағытта мемлекет тарапынан шағын несиелер бөлінуде, округ тұрғындары да мемлекеттің қолдауымен өзінің

шағын бизнестерін ашып, жұмыстарын жүргізіп жатыр. 2020 жылы 5 бизнес-проект іске қосылды, олардың ішінде; мал шаруашылығын одан әрі дамытуға байланысты 80 басқа арналған 2 қара мал базы және 1 жылқыға арналған баздарын салынды және де 2 құс өсіретін бизнес проект іске асырылды.

Округ көлемінде тұрғындарды азық-түлік және өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз ететін 2 дүкен жұмыс жасап отыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағалары қадағаланып отырылады және осы 2 дүкенмен Меморандум жасалған бағаны 10-15% көтермеу үшін.

Округ бойынша Биіктесін ауылында «Раздольный» ЖШС екі мал базасын салып шаруашылығын жүргізуде, алдағы жоспарлары егін шаруашылығын жүргізу.

Қызылсая ауылында «Молдашев» ФШҚ – 80 бас етті тұқымды қара малы мен 150 бас Еділбай қойын өсіруде.

Қызылағаш ауылында «Бек-ААС» ЖШС – 40 бас ақ басты тұқымды малдар алып шаруашылығын жүргізуде. Алдағы қойған мақсаты мал бордақылау алаңын ашу.

Көгалдандыру

Елді мекендерімізде көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша іс жоспарлы түрде жүргізіледі. Барлығы _85___ м3 қоқыс шығарылды 150 түп ағаш егілді. Сеңбіліктер мен «таза бейсенбі» өткізіп отырғанымен тазалық мәселесі әлі де ойдағындай емес.

Жолдың тесіктерін жамау, жол жиегінің шөбін шабу, қоқыстарды тазалау грейдерлеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.

Шаруа құрылымдарымен 1 млн. тг. «Өзара ынтымақтастық» Меморандумы құрылды. «Еңбек» ШҚ 500 және «Молдашев» ФШҚ 200 мың теңгеден қысқы жолдарды ашуға меморандум жасалды.

Меморандум арқылы үнемі тазарту жұмыстары «Еңбек» ШҚ жетекшісі Ахишев Ж.А. К-700 трактормен көмегін тигізуде, және «Молдашев» ФШҚ жеткшісі Молдашев А. МТЗ-82 трактормен көмек көрсетуде. Жыл соңында «Раздольное» ЖШС мен ауыл аралық және ішкі жолдарды қыс мезгілінде тазалау, бөгеттерден ашып тұруға келшісім жасалып, жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Білім саласы

Округта 1 жалпы білім беретін мектеп қызмет атқарады, онда 78 бала білім алуда, соның ішінде Қызылағаш ауылынан тасымалдау қызметімен 3- оқушы оқытылады.

Білім беру және тәрбиемен 22 мұғалім қызмет жасап отыр, оның 19- жоғары білімді. Бірінші санатты 8, екінші санатты 5, жоғары санатты 1 мұғалім. Мектепте жаңартылған білім мазмұны бойынша 1-8 сыныптар оқып келеді.

2020 жылы Қызылсая ОМ біршама жөндеу жұмыстары жасалды, нақтырақ айтқанда 76 терезе мен 36 есік ауыстырылды.

Денсаулық сақтау саласы

Медициналық көмек көрсету бойынша 1 медициналық пунктіміз бар, 306 адамға қызмет көрсетеді: Қызылсая -272 адам, Қызылағаш -26 адам, Биіктесін -8 адам, 42 адам тегін дәрі-дәрмек алады, диспанцерлік учетта 86 адам тұрады.

Округ тұрғындары туберкулезге қарсы және алдын-ала емдеу шаралары бойынша жылжымалы флюрографиялық комплекстен тегіс өткізілді, жоспар бойынша 165 адам өту керек еді,бүгінгі күні 100 пайызға орындалды.

Мәдениет саласы

Қызылсая ауылындағы мәдени ошағында көптеген іс шаралар өткізіліп отырады, кітапхана жұмыс жасайды, онда «дөнгелек үстелдер», кітап көрмелері өткізіледі. «Жастар жылына» арналған көптеген іс-шаралар өтті.Кітап қоры 4070 дана,келушілер саны 350 оқырман құрайды. «Рухани жаңғырудің жарқын жолы» тәрбиелік сағаттар,дөңгелек үстелдер өткізіледі. 2020 жылы ауыл тұрғыны Қалымтай Ақерке Дулатқызы онлайн режимінде өткен Зеренді аруы байқауына қатысып үшінші орын йегері болды.

Спорт саласы

Округта салауатты өмір салтын насихаттау бойынша тұрғындардың денсаулығының мықты болуына көп көңіл бөлінеді. Мектебімізде қосымша үйірме жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі кезде пандемия індетіне байланысты көптеген спорттық іс-шаралар шектеуге байланысты өткізілмеді.

Телекоммуникация саласы

2020 жылы аулдық округте Қызылсая ауылында көптен шешілмей жүрген ұялы байланыс жүйесі орнатылды, қазіргі таңда ауыл тұрғындары Кселл, Актив, Билайн, Теле2 мен Алтел ұялы байланыстарымен қамтылған.

Сонымен қатар «Телеком» АК интернет жүйесі жылдамдығын күшейтті. Жылжымалы пошта байланысы пункті «Казпошта» АК жұмысын жасап жатыр.

2020 жылы орындалған жұмыстар:

1. Қызылсая-Сейфуллина-Қонысбай облысқа қарасты 22 шақырым тас жолы жөндеуден өткізілді.

2. Ұялы байланыс жүйесі орнатылды.

3. Қызылсая орта мектебінің есік терезелерыне жөндеу жұмысы жүргізілді.

4. Аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша 2020 жылы Қызылсая ауылында орналасқан қатты тұрмыстық қалдық алаңына жинастыру жұмыстары жүргізілді.

5. Қызылағаш ауылына жаңадан 10 көше жарық шамы орнатылды.

2021 жылғы қойылған жоспарлар мен міндеттер:

1.Қызылсая-Сейфуллина-Қонысбай облысқа қарасты 8 шақырым тас жолын соңына дейін жөндеу жұмысы.

2. Қызылсая ауылдық мәдениет үйінің шатырын ауыстыру

3. Қызылсая ауылдық округінің әкімдік ғимаратына жөндеу жұмысын жүргізу .

4. Қызылсая ауылдық округінің ішкі жолдарын жөндеу.

Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы