Құрметті президиум, құрметті жиынға қатысушылар!
Округ бойынша 2020 жылдағы әлеуметтік – экономикалық қорытындысын беруге және 2021 жылға қойылған міндеттер мен мақсаттар туралы айтуға рұқсат етіңіздер.
Округтің жер көлемі - 14 мың 066 гектар
Соның 6698 га егістік, 2624 га шабындық, 4744 га жайылымдық жерлер.
2020 жылы – 606,6 га жер егілді, алынған өнімнің орташа есебі - 16 центнер гектарынан.
Округ бойынша 669 адам, 159 аула.
Округ құрамына үш елді мекен кіреді:
Ақан ауылында - 233 адам., (55 аула)
Баратай ауылында – 282 адам., (64 аула)
Уголки ауылында – 154 адам., (40 аула).
Ауыл шаруашылығы
Биыл округте егін егу жұмыстары орташа деңгейде жүргізілді, барлығы: 148 га бидай, 99,8 га лен, 358,8 га жерге ешмен егілді. Алынған өнімнің барлығы: 2368 т. – бидай, 1596,8 т. – лен, 5740,8 т. – арпа.
Округте – қара мал басы 1957, 573 жеке шаруашылық қожалықтарында. Жалпы қара мал саны: 2530.
Ветеринариялық жұмыстар ретімен және мезгіліне байланысты жүргізіліп отырады.
Бруцеллез және де басқа жұқпалы аурулар округ бойынша тіркелген жоқ.
Әлеуметтік сала
Округ аймағында 4 түрлі санаттағы отбасы тұрады, тумасынан мүгедек саны - 4, І-топтағы мүгедек саны – 1, ІІ-топтағы мүгедектер саны – 10, ІІІ-топтағы мүгедектер саны - 4, (соның үшеуі жұмыспен қамтылған).
Мүгедектер саны – 19 адам.
Зейнеткерлер саны - 64, соның ішінде Ақан ауылында - 22, Баратай ауылында - 26, Уголки - 16. «Алтын алқа» белгісінің иегерлері – 6 ана, «Күміс алқа» белгісі иегерлері - 9 ана.
Округтың учаскелік коммиссиясы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу бойынша түрлі анықтау жұмыстарын атқаруда.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамту мақсатында Ақан ауылының азаматшалары білім алды және жұмыспен қамтамасыз етілді.
Білім беру және мәдениет саласы
Округ аймағында үш негізгі мектеп бар: Ақан, Баратай және Уголки негізгі мектебі, үш мектептің оқушыларының жалпы саны 121 бала, 44 мұғалім бар. Үш мектеп жанынан шағын орталықтар өз қызметтерін атқаруда. Барлығы 31 тәрбиеленушіні тәрбиеленуде, 3 тәрбиеші жұмыс істеуде.
Округтың аумағында үш мектеп кітапханалары, бір ауылдық клуб жұмыс атқаруда. Аталған мәдени ошақта ауыл тұрғындарына арналған түрлі қызықты, танымдық іс-шаралар өтіледі.
Екі мектеп алаңында хоккей корты бар. Мектептер, медпунктар және ауылдық клубтар уақытылы отын-көмір түрлерімен қамтамасыз етіліп отырады. Электр желісі үнемі беріліп тұрады.
Көлік және байланыс
Орталықтандырылған көлік қатынасына сұраныс жоқ, тұрғындар өздерінің жеке көліктерінің қызметіне сүйенген. Облыстық Көкшетау-Рузаевка тас жолы 2018 жылы толық қүрделі жөндеуден өтті, орталыққа жету қиындық туғызбайды.
Ақан ауылында ұялы байланыс желісі түрлері жақсы жұмыс істейді, Баратай және Уголки ауылдарында ұялы байланыс желісін жақсарту үшін жұмыстар атқарылуда.
Жарықтану: округ бойынша 67 лампа, соның: 29-зы Ақан ауылында, 21-рі Баратай ауылында, Уголки ауылында 17 лампа бар. Лампалардың барлығы іске қосулы.
Сумен қамтылу
Сумен қамтамасыз ету және жабдықтау «Сарыөзек селолық округ әкімінің аппараты» ММ балансына тиесілі, Ақан ауылы бойынша 4 су алу скважинасы, Баратайда 2 су алу скважинасы, Уголки ауылында 2 су алу скважинасы бар.
2020 жылы атқарылған жұмыстар көлемі
2021 жылға арналған жоспар
- Ұзындығы 18 км Баратай ауылынан Көкшетау-Рузаевка тас жолына дейін автожолдарды жөндеу;
- Ауылды абаттандыру;
Назарларыңызды салып, тыңдағандарыңыз үшін рахмет!