Меню

Страницы

Статья

С. Сейфуллин атындағы селолық округінің әкімі Бекмағамбетов А.Д. 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы, және алға қойылған жоспарлары туралы баяндамасы.

Құрметті  Бауржан Сейтқалиұлы!

Қадырлы ағайын!

С.Сейфуллин атындағы селолық округының 2020 жылғы әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы және 2021 жылдың міндеттері туралы қысқаша баяндауыма рухсат етіңіздер!

Өздеріңізге белгілі, округ әкімі аппаратының жұмысы еліміздің Президентінің жылдағы Жолдауының негізінде, сондай-ақ округ тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары бойынша жоспарланған.

         Ауыл шаруашылығы

Аграрлы аймақта орналасқандықтан да болар экономикамыз осыған тәуелді. Ауыл шаруашылығымыз 4 ЖШС және 12 шаруа қожалығынан құрылған. Дала жұмыстары уақытында құрылған жұмыс жоспарымен жүргізіліп отырады.

2020 жылы барлығы  14572 га  жерге дәнді дақылдар егілді. Егіннің шығымдылығы жаман болған жоқ. Орташа көрсеткіш 14,2 центнер.  Барлық шаруа қожалыктары үлес ақыларын (дивидент) жеммен беріп, құтылды.

Шаруашылықтардың ішінде материалдық-техникалық базасы көтеріліп келеді.

 Мал шарауашылығы

Төрт ауылды мекенде 1446  бас қара мал,  қой мен ешкі саны 3751 бас, жылқы саны 1094 бас  бар.Ал шаруа қожалықтарында мал басы бір деңгейде. Мал шаруашылығында ет өндіру мен қатар сүт өндіруде жақсы көрсеткішке жеттік. Өйткені сүт өндірудің пайдасы артық екен.  Оның себебі сүт жинайтын екі бірдей кооперативіміз бар. Олар Сергазинов К., Мукажанов Б. Осы кісілердің көмегімен сүттен жақсы пайда көріп отырмыз.

Жазғы уақытта күніне 12-13 тн. дейін сүт беріп табыс  тауып отырмыз. Мал дәрігерлік, ем-шаралары уақытымен жасалып отырады. Қанғырған иттер ауланып, жойылып отырады.

Кәсіпкерлік

Мемлекеттік саясаттық көздеген бағыттарының бірі ауылда кәсіпкерлікті жан-жақты  қолдау  және дамыту, ол үшін шағын несиелер ұсыну. Округ көлемінде тұрғындарды азық-түлік және өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз ететін  4 дүкен жұмыс жасап отыр. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағалары қадағаланып отырылады.

Көгалдандыру

Елді мекендерімізде көгалдандыру және санитарлық тазалау   бойынша іс  жоспарлы түрде жүргізіледі. Барлығы  2600 тн қоқыс және қи шығарылды 250 түп ағаш егілді. Сембіліктер мен «таза бейсенбі» өткізіп отырғанымен тазалық мәселесі әлі де ойдағындай емес. Әрбір адам өз үйінің төңірегін таза ұстауға міндетті.

Жолдың тесіктерін жамау, жол жиегінің шөбін шабу, қоқыстарды тазалау грейдерлеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Қатты қалдықтар  төгілетін полигондар тәртіпке келтірілді. Бұл бағытта Көкшетау жолдары мен ЖШС Жолдыков Жоралы деген азамат көп көмек берді.

Сейфуллин-Доңгүлағаш бағытындағы облыстық дәрежедегі жол жөнделді, бұл жұмыс амандық болса келесі жылы жалғастырылады.  Әлі 8 шақырым жол жөнделеді Осы шараның  аясында 4 адам  жұмысқа тартылды.

Қараөзек ауылында 2 көпір жөнделіп, жолдары жақсарды. Бұл бағдарламаға аудан бюджетінен 16 млн. қаражат бөлнді. Бірлестік ауылында бір көшеге жаңадан шамдар орнатылды. Бұл жұмыс келесі жылы жалғастырылып, тағы бір көшеге жарық тартылады. Бұл жобаға аудан көлемінен 1 376 мың теңге бөлінді.

Әлеуметтік саласы

Халқымыздың саны  1 қаңтарға  1080  адам  болды. Өткен жылдан  16 адамға кеміді, әлі де қалаға көшу үрдісі тоқтамай отыр. Төрт ауылды мекенде 262   үй саны бар. Округте 137  зейнеткер,  33  мүгедек адам бар.

Елдің әлеуметтік  жағдайын қадағалайтын және әлеуметтік жәрдем ақы тағайындау үшін тексеру комиссиясы жұмыс  жасайды.  5 адамға  АСП төленді .

Мемлекеттің саясаты  бойынша жұмыспен қамту орталығымен елді мекендерді көркейту және қоғамдық жұмыстарға 4 адам тартылды. Шаруа құрылымдарымен 2 млн.100 мың тг. «Өзара ынтымақтастық» Меморандумы құрылды. Жолдарды тазалап, су құбырларын жөндеуге шаруа қожалықтарымен бірлесіп жаңа жыл, наурыз мейрамы, Жеңіс күні, Мектепке жол,  қарттар және мүгедектер күнін атап отырамыз. Бұл жағынан елге көп көмек жасап отырған шаруашылық Караөзек ЖШС Нартай Жуматайұлына көп рахмет.

         Білім саласы

Округта  3 жалпы білім беретін мектеп қызмет атқарады, онда 184 оқушы,16 бала  даярлық тобында білім алуда. Мектептеріміз қазырғы заманға сай білім беруде.Соның арқасында 12 түлегіміз  мемлекеттік грантқа ие болды.  Екі шағын балабақшада  59 бала  тәрбие алуда.

 Денсаулық сақтау саласы

Медициналық көмек  көрсету бойынша 1 дәрігерлік амбулатория,  1 фельдшерлік, 1 медициналық пунктіміз бар. Оған қоса  1 жедел жәрдем автокөлігі 24 сағат бойы ауруларға қызмет етеді.

Округ тұрғындары туберкулезге қарсы  және  алдын-ала емдеу шаралары бойынша жылжымалы флюрографиялық комплекстен тегіс өткізілді.

Мәдениет саласы

Округімізде екі ауылды мекенде  клубымыз  бар, мәдени шаралардың барлығы сонда өтеді.

Спорт саласы

Округта салауатты өмір салтын насихаттау бойынша тұрғындардың денсаулығының мықты болуына көп көңіл бөлінеді. Спорт методистіміз, 2 хоккей корты, 2 спортзал, спорт аландары бар. Мектептерде жыл бойы күрес, волейбол, футбол, баскетбол секциялары жұмыс істейді

Өткен жылы қысқы спартакиада да 3 орынды жеңіп алдық., жазғы спартакиадада 1 орынға ие болдық. Бұл салада мектеп директорлары көп көмек жасап отыр. Сіздерге рахмет.

Телекоммуникация саласы

Байланыс жүйесін «Телеком» АК , «Казпошта» АК қамтамасыз етеді.

Байланыс жүйесінде  шешілмей тұрған проблема мобильді байланыс және интернет әсіресе Бірлестік ауылында, Бұл салада жұмыстар жүргізіліп жатыр, бірақ әлі шешілген жоқ. Алматы, Астана қалаларына хаттар жолдадық.

Газет- журналға жазылу жоспары орындалды.

«С.Сейфуллин атындағы селолық округ әкімінің аппараты»  ММ   Қазақстан

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару»  Заңының 35 бабына сәйкес азаматтардың өтініштері мен ұсынымдарын қарастырады. 2020 жылы 12 жазбаша және ауызша өтініштер түсті. Барлық өтініштер уақытында қаралып, шешілді,  33 нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. 6      жазбаша және ауызша өтініштер түсті. Барлық өтініштер уақытында қаралып , шешілді .  16 втік-құқықтық актілер қабылданды.

Азаматтардың арыздарымен өтініштері үшін арнайы жәшік қойылған.

Шаруашылық кітаптарының жазбаларын  нақтылау үшін маусым айында  үйлерді аралау жүргізіледі. Малдың санағына келгенде проблема бар. Бар малды  жасыру фактісі көп. Округ әкімшілігі ақысыз мемлекеттік қызметтер көрсетеді, оның ішінде мал дәрігерлік анықтама, жекеменшік шаруашылығы туралы анықтама, балаларды мектепке тасымалдау туралы анықтама беру. Округ тұрғындарынан мемлекеттік қызмет көрсету  бойынша арыз түскен жоқ. Жыл ойы келген-кеткен адамдардың тізімі жүргізіледі. Сайлаушыларды қылыптастыру бойынша электрондық базада жүргізу жұмысы  атқарылады, әскери қызметке жататын азаматтардың есебі жүргізіледі.

        Келесі жылда атқарылатын жұмыстар:

  • Бірлестік ауылында бір көшенің су құбырын жөндеу, Бұл жобаға аудан бюджетінен 10 млн.теңге қаражат бөлінетін болды, сметасы жоспардан өтті;
  • Қараөзек ауылында су ұңғымасына электр желісін тарту. Бұл жобаны жеке  кәсіпкер Искаков Н.Ж. деген азаматымыз өз қаржысымен жүргізетін болды;
  • Тағы бір үлкен күрделі мәселе Бірлестік ауылына интернет желісін тарту.Бұлжұмыс осы жылдың аяғына дейін орнатылуы керек еді, өкінішке орайәлі бастаған жоқ. Осы мәселе облыстық деңгейде бақылауда тұр.

Сіздерге бір жыл ішінде атқарылған жұмыстардың ең маңызды, ауқымдыларын атап өттім. Енді маған қоятын сұрактарыңыз болс, жауап беруге тырысып көрейін.

Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы