Меню

Страницы

Статья

"Ортақ селолық округінің 2020 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2021 жылға арналған жоспары туралы” Ортақ селолық округі әкімі Ерғалиева М.Қ. қорытынды есебі

Құрметті президиум, құрметті жиынға қатысушылар!

Округ бойынша 2020 жылдағы әлеуметтік – экономикалық қорытындысын беруге және 2021 жылға қойылған міндеттер мен мақсаттар туралы айтуға рұқсат етіңіздер.

Округтің жер көлемі - 18 мың 775 гектар

Соның 8594,2 га егістік, 4280,1 га шабындық, 5900,7 га жайылымдық жерлер.

2020 жылы – 6384,5 га жер егілді, алынған өнімнің орташа есебі - 16 центнер гектарынан.

Округ бойынша 830 адам, 211 аула.

Округ құрамына үш елді мекен кіреді:

Ортақ ауылында - 470 адам., (111 аула)

Кызылтан ауылында – 343 адам., (91 аула)

Қайыңды ауылында – 17 адам., (9 аула).

 Ауыл шаруашылығы

Биыл округте егін егу жұмыстары орташа деңгейде  жүргізілді, барлығы: 1605,5 га бидай, 2154 га лен, 2117 га жерге арпа, 5 га картоп егілді. Алынған өнімнің барлығы: 25688 т. – бидай, 34464 т. – лен, 33872 т. – арпа.

Округте – қара мал басы 1132, 124 жеке шаруашылық қожалықтарында.   Жалпы қара мал саны: 1256.

Ветеринариялық жұмыстар ретімен және мезгіліне байланысты жүргізіліп отырады.

Бруцеллез және де басқа жұқпалы аурулар округ бойынша тіркелген жоқ.

 Әлеуметтік сала

Округ аймағында 17 түрлі санаттағы отбасы тұрады, тумасынан мүгедек саны - 6, І-топтағы мүгедек саны – 4, ІІ-топтағы мүгедектер саны – 13, ІІІ-топтағы мүгедектер саны - 9, (соның үшеуі жұмыспен қамтылған).

Мүгедектер саны – 32 адам.

 Зейнеткерлер саны - 108, соның ішінде Қызылтан ауылында - 39, Ортақ ауылында - 40, Қайыңдыда - 1. «Алтын алқа» белгісінің иегерлері – 1 ана, «Күміс алқа» белгісі иегерлері - 8 ана.

Округтың учаскелік коммиссиясы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу бойынша түрлі анықтау жұмыстарын атқаруда.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамту мақсатында Ортақ және Қызылтан ауылдарының азаматшалары білім алды және жұмыспен қамтамасыз етілді.

  1. «Едрисов» ЖК иесі Едрисов Жанат Серикович «Бастау бизнес» жобасы бойынша сертификатталып, 4 млн. теңге сомасында несие алып, жылқы сатып алды.

 Білім беру және мәдениет саласы

Округ аймағында екі орта мектеп бар: Ортақ орта мектебі және Қызылтаң орта мектебі, екі мектептің оқушыларының жалпы саны 154 бала, 44 мұғалім бар. Ортақ орта мектебінде химия пәндері бойынша маманның жетіспеуі бар. Екі мектеп жанынан шағын орталықтар өз қызметтерін атқаруда. Барлығы 27 тәрбиеленушіні тәрбиеленуде, 2 тәрбиеші жұмыс істеуде.

Округтың аумағында бір ауылдық, екі мектеп кітапханалары, екі ауылдық клуб жұмыс атқаруда. Аталған мәдени ошақтарында ауыл тұрғындарына арналған түрлі қызықты, танымдық іс-шаралар өтіледі.

Екі мектеп алаңында хоккей корты бар. Мектептер, медпунктар және ауылдық клубтар уақытылы отын-көмір түрлерімен қамтамасыз етіліп отырады. Электр желісі үнемі беріліп тұрады.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында аудандық бюджет есебінен 5351,4 млн. теңге сомасына «Oliver Systems» ЖШС-і Қызылтан орта мектебінің терезе жақтаулары ауыстырды.

Жоба жүзеге асырылды. Объект пайдалануға берілді.

 Көлік және байланыс

Орталықтандырылған көлік қатынасына сұраныс жоқ, тұрғындар өздерінің жеке көліктерінің қызметіне сүйенген. Облыстық Көкшетау-Омбы тас жолы 2017 жылы толық қүрделі жөндеуден өтті, орталыққа жету қиындық туғызбайды.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен 38170,8 млн. теңге сомасына «КолоритСтрой» ЖШС-і Ортақ ауылының аудандық маңызы бар ұзындығы 3,5 км автожолы ағымдағы жөндеуден өткізді.

Жоба жүзеге асырылды. Объект пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылы Қызылтан ауылында ұялы байланыс оператор діңгегін «ВМК Integrashion Servis» мердігер ұйымы орнататты. Желтоқсан айының соңына дейін 3G форматымен Altel және Tele-2, сонымен қатар Аctiv және К-cell ұялы байланыс операторлары орнатылды.

Жұмыс барысымен айналысқан мердігер ұйым - Ақпарат Солтүстік Қазақстан Республикасының ұялы операторларды іске қосу және жаңғырту бойынша өңірлік инженері Алексей Вальеревич Лунегов.

Жарықтану: округ бойынша 45 лампа, соның: 18-і Ортақ ауылында, 23-сі Қызылтан ауылында, Қайыңды стансасында 2 лампа және электр жүйесі  «Қазақстан темір жолы» АҚ қарасты ЖК Тұржанов иелігінде.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында аудандық бюджет есебінен 1232,473 млн. теңге сомасына Ортақ ауылының Мектеп көшесіне көше жарығы орнатылды.

Сумен қамтылу

Сумен қамтамасыз ету және жабдықтау «Ортақ селолық округ әкімінің аппараты»  ММ балансына тиесілі, Ортақ ауылы бойынша су жинау алабы, 4,5 шақырым су құбыры, 29 колонка бар, 1 ауыз су, 4 жеке меншік ащы су құдықтары бар. Ортақ ауылында 30 үйге су құбыры тартылған. Екі қоғамдық тұрмыстық шаруашылықта қолдануға арналған ащы су орталығы бар.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен 9690,685 млн. теңге сомасына «Бука» ЖШС-і Ортақ ауылының су өткізу желісі ағымдағы жөндеуден өткізді.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен 20,0 млн. теңге сомасына «Таир» ЖШС Қызылтаң ауылының ұзындығы 3,8 км су өткізу желісі ағымдағы жөндеуден өткізді.

Қайыңды ауылында 800 метр көлемінде су құбыры тартылған, 3 колонка іске қосылған, сумен қамтамасыз ету және жабдықталу «Теміржол Су» АҚ тиесілі.

Округ бойынша су құбырларына жөндеу жасалады, сумен күні бойы тұрғындар қамтамасыз етілген.

 2020 жылы атқарылған жұмыстар көлемі

  1.  «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша 4 адам жұмыспен қамтылды.
  2. Ағымдағы жылдың қазан айында қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету күніне орай «Асыл – 2005» ЖШС ұжымы 300 000 теңге көлемінде Қызылтаң ауылының қарттарға азық-түлік себетімен көмек көрсетті.
  3. Жеке кәсіпкер Көкешев Медет Жаңғұрбайұлы Ортақ ауылының мешітін күрделі жөндеуден өткізуге бас демеушілік жасады.

2021 жылға арналған жоспар

  1. Ортақ ауылы:
  • Жаңа, Батыр, Ардагерлер көшелерін және Мектеп көшесінің ішінара жарықтандыру;
  • Ортақ ауылының аудандық маңызы бар ұзындығы 8 шақырым жол торабын асфальттау;
  • Ауылды абаттандыру.
  1. Қызылтаң а.:

- ұзындығы 5,3 км ауылішілік автожолдарды жөндеу және асфальттау;

- Тәуелсіздік көшесін ішінара және Білім көшесін жарықтандыру;

- Ауылды абаттандыру;

- Тұрғын үйлер салу.

  1. Демеушілер іздеу арқылы Ортақ және Қызылтан ауылдарында қоғамдық монша салу.
  2. Қызылтан ауылында тұрмыстық қоқысты жинау және мал өлімтігін жерлеу орындарына арналған жер үлескілерінің құжаттарын заңдастырып рәсімдеу.
  3. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру.
  4. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамту мақсатында оқуға жіберуді қамтамасыз ету.
  5. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жас мамандарды ауыл мектептеріне тарту.
  6. Көші-қон саясатын жетілдіру мақсатында округіміздің елді-мекендеріне халықты жұмылдыру.

Назарларыңызды салып, тыңдағандарыңыз үшін рахмет!

 

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы