Құрметті бүгінгі жиынға қатысушылар!
Құрметті округ тұрғындары!
2020 жылы округімізде қандай жұмыстар атқарылды, және алдағы уақытта алға қойылған қандай жоспарларымыз бар, соны баяндауға рұқсат етіңіздер.
2020 жыл қыс мезгілі аса суық болмағанымен, қар едәуір көп жауып, жиі боран соғып, автокөлік жолдары жиі жабылды. Жолдарды уақытымен ашуға жауапкершілігі шектеулі серіктестермен біріге отыра бар күш жігерімізді салып тырыстық.
Жол ашу кезінде және көктем мезгілінде су тасқынын болдырмау үшін әсіресе «Қанай би-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зор үлесін қосты.
Былтырғы жылдан бері барша жер бетіндегі адамзат баласына Covid коронавирус індеті пайда болып, қауіп төндіруде. Еліміз бойынша көптеген адамдар аталған індетпен ауырып, өкінішке орай біразы көз жұмды. Бүгінгі күні де індет өз күшін жойған жоқ.
Осыған байланысты санитарлық талаптарды сақтау мақсатында әрдайым түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Әсіресе індет басталған уақытта көктем мезгілінде округімізде арнайы штаб құрылды. Құрылған жұмыс тобымен тұрғындарды сабырға шақырып, жиі жол жүрмеуге, көп кісі жиналатын жерлерге бармауы туралы, әрдайым маска киіп, антисептик қолдану керек екендігі т.б., түсіндіріліп, сонымен қатар инстаграмм, фейсбук әлеуметтік желілерінде жарияланып тұрады.
Өздеріңізге белгілі, округ экономикасы өзіндік ерекшелігі бойынша аграрлық болып табылады. Ауыл шаруашылығы 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 22 шаруа қожалықтарынан құралған.
2020 жылы 15760 га жерге егін егілді, оның ішінде 10200 га жерге бидай өнімдері егілсе, 5560 га майлы дақылдар егілді. Егін уақытылы толықтай алынды.
Бидай өнімдерінен 1 гектардан орта есеппен 19-20 центнерден өнім алынса, ал майлы дақылдардан әр гектардан 8-10 центнерден өнім алынды.
Мал шаруашылығына келетін болсақ, қазіргі кезде округ бойынша мал басы: Қара мал 1351 бас, қойлар мен ешкілер 4499 бас, жылқылар 799 басты құрайды.
Абаттандыру
Әр жыл сайын округімізде көктемгі және күзгі абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, былтырғы жылы 30 таза сенбілік өткізіліп, оған жалпы саны 390 адам қатысты. Оның ішінде ат салысқандар мектеп оқушылары мен ұстаздар, Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің жұмысшылары, және де ауыл тұрғындары. Абаттандыру кезінде 200 артық ағаштар мен талдар отырғызылды, 1350 тонна қоқыс төгілді.
Округтің негізгі мәселелері жол, су, жарық бойынша жұмыстар біртіндеп орындалуда.
Былтырғы жылы Игілік ауылының су құбырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бірнеше жерден жарылған жерлері толығымен жөнделді. Атап айта кететін болсам жалпы 1 шақырым 100 метр жердің трубалары ауыстырылды. Оның 358 метрі диметрі жүздік (100) полиэтиленді, қалған 742 метрі 63 (алпыс үштік) диаметрлі трубаға ауыстырылды. Су құбырының жалпы ұзындығы 4,3 шақырым болса, соның 2,1 шақырымы алдыңғы жылдармен былтырғы жылды қоса алғанда ағымдық жөндеуден өтті. Қалған 2,2 шақырымына биылғы жылға сметалық құжат әзірленіп бюджеттік өтінім жолданды. Егер қаражат бөлінетін болса, онда Игілік ауылының су құбыры толығымен жөндеу жұмыстарымен қамтылады.
Сонымен қатар былтырғы жаз мезгілінде Игілік-Жамантұз ауылдарының аралығындағы автокөлік жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Өздеріңіз көріп жүргендей Мәлік Ғабдуллин-Қанай би, Қанай би-Игілік ауылдарының аралығындағы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдары жөндеуді қажет етеді. Аталған жолдарға да 2021 жылға жалпы құны 63788,221 сметалық құжат әзірленіп, бюджеттік өтінім тапсырылды.
Әр есептік кездесуде көтеріліп келе жатқан тағы бір басты проблемалық мәселелердің бірі байланыс желісі, және интернет жылдамдығы болып жүрді. Округтің басқа елді мекендеріне қарағанда Қанай би ауылында ұялы байланыс желісі қанағаттанарлықтай емес еді. Жыл соңында республикалық жоба бойынша теле2 күшейткіші орнатылып, іске қосылды. Нәтижесінде барлық ұялы байланыс желілері жақсарып, атап айтқанда (билайн, теле2, актив, алтел желілері) ауыл тұрғындары үшін қуанышты жағдай болды.
Күшейткіш қою жұмыстары биылғы жылы да жалғасады деген ойдамыз. Өйткені Игілік ауылында жылдағыға қарағанда ұялы байланыстың нашарлағаны байқалады. Ұялы байланысқа күшейткіш қою үшін хат жолданды.
Әлеуметтік мәселелер бойынша да тұрмысы төмен отбасыларды әрдайым назарда ұстаудамыз
Ол үшін округімізде арнайы комиссия құрылған, комиссия мүшелерінің шешімімен, ережеге сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Былтырғы жылы 1 көп балалы отбасына тағайындалды.
Карантин кезінде жұмыссыз азаматтарға 42500 теңгені дер кезінде алуы үшін, ағымдық 20 таңбалы шоттарын ашуға, enbek.kz сайтына өтінімдерін тіркеуге көмек көрсетілді. Сонымен қатар әртүрлі санаттағы (көп балалы аналар, 1,2,3 топтағы мүгедектер, ең аз алатын зейнеткерлер) жалпы 52 адамға коммуналдық төлемдерін өтеуіне өтініштерін уақытылы өткізіп ат салыстық.
Жеке тұлғалардың мүлкіне, жеріне, көлігіне, жеке табыс салығына, салынатын салықтар жоспары толықтай орындалды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 4 жұмыссыз азаматтар қоғамдық жұмысқа алынып, тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Диплом алған жастар арасынан 2 жас маман, жастар практикасында жұмыс істеп өздеріне тәжірибе жинақтады.
Білім саласы округте ең маңызды мәселенің бірі болып саналады. Округіміз бойынша 2 мектеп бар, Игілік орта мектебі және Қарабұлақ негізгі мектебі. Оқушылар саны 115, ұстаздар саны 31. Аталған 2 мектептің ішінде шағын балалар орталығы бар, балалар саны 44.
Округ бойынша 2 Мәдениет ошағы бар. Біреуі Қанай би ауылында, екіншісі Игілік ауылында. Қазіргі карантинге кезінде сақтық шараларын сақтау мақсатында іс-шаралар онлайн түрде жүргізілуде.
Денсаулық саласына келетін болсақ - округ бойынша 1 Дәрігерлік Амбулатория, 1 медициналық пункті бар. 1 бас дәрігер, 1 медбике және 2 фельдшер жұмыс істейді. Осы кісілермен сіз болып, біз болып санитарлық талаптарды сақтай отыра, әр нәрсеге түсіністікпен қарап, індетке жол бермейік құрметті ағайын.
Ал енді өзімнің есеп беруіме қорытынды жасай келе, алдағы уақыттағы жоспарларды қысқаша айта кетейін.
1) Қанай би-Мәлік Ғабдуллин, Қанай би-Игілік аралығындағы автокөлік жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.
2) Округ бойынша елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу.
3) Игілік ауылына ұялы байланыс желісіне күшейткіш орнатуды қарастыру.
Назар аударғандарыңызға рахмет!