Құрметті Бауржан Сейтқалиұлы!
Құрметті округ тұрғындары!
Қызылегіс селолық округінің 2020 жылдың жыл бойындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі баяндамасын баяндауға рұқсат етіңіздер
Ауыл шаруашылығы саласында.
Жалпы жер көлемі 17689 га, егістік – 13584 га, жайылым - 3535 га. Округ экономикасы өзіндік ерекшелігі бойынша - аграрлық. Ауыл шаруашылығы 26 жеке шаруа қожалықтарынан, 2 ЖШС және округымызда 2 жеке кәсіпкер бар.
Шаруа қожалық басшылары және кәсіпкерлер округтың әлеуметтік мәселелерін шешуге, демеушілік көмек жасауға және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады.
Мал шаруашылығы саласында.
Мемлекет тарапынан мал шаруашылығын дамытуға көп көңіл бөлінуде. Мал шаруашылығымен айналысатын 10 шаруашылық қожалықтары, жеке кәсіпкерлер бар. Салыстырмалы түрде қарасақ.
Округ бойынша барлығы 1245 бас қара мал, (2020 жылы-1224 бас), 4029 бас қой, (2020 жылы-3838 бас), 758 бас жылқы бар (2020 жылы 790 бас). Оның ішінде шаруа қожалықтарының меншігінде 168 бас қара мал (2020 жылы -131 бас), қой 191 бас (2020 ж – 281 бас), жылқы 90 бас бар (2020 жылы –115 бас).
Жаз мезгілінде «Киснер» жеке кәсіпкерімен сүт жинау жұмыстары жүргізіледі. Сүттің көлемі күніне 2 тоннадан 1 литр үшін 90 - 100 теңгеден тапсырылады.
Білім саласында.
Округта 2 негізгі білім беретін мектеп қызмет атқарады, онда 66 оқушы білім алуда.
Білім беру және тәрбие саласында 29 мұғалім қызмет істейді.
Сонымен қатар мектеп қабырғасында мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін 2 шағын орталығы бар. Онда 15 бала тәрбиеленеді. Сондай ақ мектептерімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша іс шаралар жоғары деңгейде өткізілді.
Қызылегіс және Ортағаш негізгі мектептерінің оқушыларын коронавирус пандемиясы кезінде қауіпсіз оқыту үшін: маскалар, қолғаптар, антисептиктер және басқа дезинфекциялық құралдар сатып алынды, қазіргі уақытта оқу кезеңі 2 ауысымда тұрақты режимде өтіп жатыр.
Денсаулық сақтау саласында.
Медициналық көмек көрсету қызметі бойынша 3 МП-та арнайы орта білімді 3 медицина қызметкерлері қызмет етеді.
Округ тұрғындары туберкулезге қарсы және алдын-ала емдеу шаралары бойынша жылжымалы флюрографиялық комплекстен ақысыз өткізілді, жоспар бойынша белгіленген адам түгел өткізіліп, 100 % орындалды. Есептік ағымда 10 адам қайтыс болды, округ бойынша 3 отбасы көшіп кетті.
Мәдениет саласында.
Округіміздің ауылдарында 2 мәдени ошақ орналасқан.
Салауатты өмір салтын насихаттау үшін мектептердің спорт залдарында воллейбол, баскетболдан спорттық секциялар өткізіледі.
Округтің аумағында телекоммуникация жүйесінің дамуы жалғасуда. Байланыс жүйесін «Казақтелеком», «Казпошта» АҚ қамтамасыз етеді.
Абоненттер саны 100, 1 мобильдік байланыс жүйесі бар (билайн).
Округ тұрғындары, мектептер, мемлекеттік мекемелер интернетпен қамтылған және де интернетке жеке үйлерде қосылуда.
Кәсіпкерлік саласында.
Мемлекет саясатының көздеген бағыттарының бірі шағын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және дамыту, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қолдаудың басты негізінің бірі - шағын несие ұсыну.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламаның қатысуында: «Бастау бизнес» курсы бойынша – 4 адам, «Жас кәсіпкер» - 1 адам, қысқа мерзімді курстар – 2 адам оқып шықты. 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алғандар саны 4 адамды құрып жалпы суммасы 2 222 400 тенгені құрды, бөленген сумма ауылдық жерлерде мал шаруашылығын дамыту үшін жұмсалды. 2020 жылы елді мекендерде қарттар мерекесі және мемлекеттік мерекелер жоғары деңгейде өткізілді. Сондай-ақ, қарттар күні мерекесі құрметіне селолық округтің жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, жеке шаруашылықтарымен, жеке кәсіпкерлерімен әр зейнеткерге жеке сыйлықтар табысталды.
Абаттандыру
Селолық округта елді мекендерді көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша іс шара жоспары құрылды. Автобус аялдамасына ақтау-сырлау жұмыстары жүргізілді. Селолық округтің: Қызылегіс, Ортагаш, Қарашілік ауылдарында көше шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
2020 жылда Ортағаш - Көктерек жол учаскесіндегі 2 көпірдің жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қызылегіс және Ортағаш ауылдарының полигондарын тұрмыстық қалдықтарынан тазалау жұмыстары жүргізілді.
«Саду Мирас» ЖШС басшылығымен Ортағаш - Мәлік Ғабдуллин жалпы жол ұзындығы 6 км учаскесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылдың жоспарымызда селолық окруктің ауылдар арасындағы жолдардын ағымдағы жол жөндеу жұмыстарын жүргізу ол: Қызылегіс – Көктерек жалпы жол ұзындығы 10 км., Карашілік – Кіші Түкті жалпы жол ұзындығы 8 км., Ортағаш – М.Ғабдуллин жалпы жол ұзындығы 6 км.
Халық саны
2020 жылдың 1 қаңтарында халық саны 570 адамды құрайды, селолық округта 3 елді мекенде барлығы 138 аула бар. 89 зейнеткерлер, 30 мүгедектер, оның ішінде 2-студент қалғаны ересек адамдар, «Алтын алқа» белгісінің иегерлері - 6 ана, «Күміс алқа» белгісі иегерлері - 6 ана.
Назарларыңызға рақмет!