Меню

Страницы

Статья

Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау мемлекеттік қызметі жайлы

Бүгінгі #oqy&toqy айдарында асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау мемлекеттік қызметі жайлы айтатын боламыз.
Әрине, ең алдымен ХҚО-ға кезекті алдын ала онлайн брондап баруды ұсынамыз;
Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;
ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсырып, өтініш беріңіз:
📎Жеке куәлік;
📎Балалардың туу туралы куәліктері;
📎Отбасы асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәлік;
📎Егер жоғары оқу орнында оқитын балалар бар болса, оқу орнынан анықтама;
📎Әлеуметтік төлемдер түсуі үшін банк есепшоты жайлы құжат;
Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 8 жұмыс күні.
Есіңізде болсын!
Бұл әлеуметтік төлем жоғарғы оқу орнында оқитын балалар 23 жасқа толғанға дейін, оқу орнынан жыл сайын анықтама ұсынылған кезде ғана төленеді.
Ал жоғары оқу орнына түспеген балалар үшін төлем 18 жаста тоқтатылады.

Әлеуметтік төлем мөлшері отбасындағы бала саны, балалардың тұл жетім қалуларына байланысты және қайтыс болған адамның мәртебесіне (ҰОС ардагері, әскери қызметкер) қарай анықталады.

Дата публикации
20 января 2021
Дата обновления
20 января 2021
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы