7-ші шақырылымдағы Зеренді аудандық мәслихатына депутаттардың кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама
2021 жылы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округіның аумағында Зеренді мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 23603 азамат енгізілді, оның 19823 немесе 83,99 пайызы бюллетень алды.
Дауыс беруге 19 427 адам қатысты, оның ішінде 38 сайлаушы сырттай бюллетеньмен, 255 сайлаушы үй-жайдан тыс жерде дауыс берді.
Сайлауға төрт саяси партия қатысты.
Саяси дауыс беру кезінде келесі дауыстар берілді:
Қазақстан халық партиясы - 1509 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 7,9 пайызы;
«Нұр Отан» партиясы - 15 074 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 78,89 пайызы;
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы - 1548 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 8,10 пайызы;
«АДАЛ» саяси партиясы - 977 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5,11 пайызы.
Дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылар дауысының жеті және одан көп пайызын алған саяси партияларға депутаттық мандаттардың келесі бөлінуі белгіленді:
«Нұр Отан» партиясы - 10 мандат;
Қазақстан халық партиясы - 1 мандат;
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы - 1 мандат.
Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы