Меню

Страницы

Статья

Зеренді ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 1 қосымшаға сәйкес жалпы алаңы 110,39 гектар Зеренді ауданы Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі Серафимовка ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  2. 2 қосымшаға сәйкес жалпы алаңы 619,2903 гектар Зеренді ауданы Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі Мәлік Ғабдуллин ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  3. «Зеренді ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есебі құжаттарына қажетті өзгерістер енгізсін.
  4. Осы бірлескен Зеренді ауданы әкімдігінің қаулысы және Зеренді аудандық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Зеренді ауданының әкімі                                                                           Б. Ғайса

 

Зеренді аудандық мәслихатының

сессия төрайымы                                                                                   Э. Халелова

 

Зеренді аудандық мәслихатының

хатшысы                                                                                                  Қ. Ауғалиев

 

Бірлескен Зеренді ауданы әкімдігінің

2020 жылғы ______№____қаулысына

және Зеренді аудандық мәслихатының

2020 жылғы ______№____шешіміне

1 қосымша

 

 

Зеренді ауданы Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі Серафимовка ауылының

шекарасы (шегі)

Дата публикации
24 декабря 2020
Дата обновления
24 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы