Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 03 желтоқсанында "аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың "АҚ ЖОЛ" ҚДП партиялық тізімін тіркеу туралы" күн тәртібімен комиссия отырысы өткенін хабарлайды.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың сәйкестігін анықтау негізінде Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы үш адамнан тұратын "АҚ ЖОЛ" ҚДП партиялық тізімін тіркеді.