Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне» шақырады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 27 қарашасында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау».

Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері – Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Қордың жұмысы, ұсынылатын қызметтері туралы баяндау, олардың Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығы туралы хабардар болуын қамтамасыз ету және жастардың өз болашағы үшін азаматтық, моральдық жауапкершілік сезімін дамыту.  

Бұған қоса, БЖЗҚ мамандары кездесу барысында Қордың салымшылармен өзара іс-қимыл арналары, зейнетақы шотының жай-күйі туралы жедел ақпарат алу тәсілдері туралы әңгімелеп, басқа да қызықтырған мәселелер бойынша білікті ақыл-кеңестерін береді.   

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 10:00 өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме https://bit.ly/akmolenpf бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 176 441 7637 және event-мәжіліс паролін 1234 енгізіңіз.

Онлайн іс-шараға қатысуға тіркелу сұрақтары бойынша байланыстар:

- Макашева Малика Жумабековна моб.: 87077229392, 87711717217;

- Жакина Алия Женисовна моб.: 87770342790, 87711717215;

- Кажтаева Динара Мухтаровна моб.: 87711717216, 87753051213.

Дата публикации
25 ноября 2020
Дата обновления
26 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы