Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 21 қарашасында «Nur Otan» партиясының Зеренді аудандық филиалының аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін тіркеу туралы» күн тәртібімен комиссия отырысы өткенін хабарлайды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың сәйкестігін анықтау негізінде Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 24 адамнан тұратын «Nur Otan» партиясының партиялық тізімін тіркеді.