Меню

Страницы

Статья

"Қауымдық сервитут белгілеу туралы" Зеренді ауданы әкімдігі қаулысының жобасы

Қауымдық сервитут

белгілеу туралы

 

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, шашыранды алтынды барлау үшін Зеренді ауданы Бұлақ ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан жалпы алаңы 176,44 гектар «Кызылту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесін алып қоймастан бір (1) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
  2. Шашыранды алтынды барлау мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде «Кызылту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Т. Әленовке жүктелсін.
  4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Зеренді ауданының әкімі                                                                           Б. Ғайса

 

 

 

 

 

 

Зеренді ауданы әкімдігінің                2020 жылғы «__»_______ №__________________

қаулысына қосымша

Шашыранды алтынды барлау үшін  Бұлақ ауылдық округінің әкімшілік шекараларында орналасқан жер учаскесінің қауымдық сервитуты

 

№

Жер учаскесінің орналасқан орны

Жария сервитутпен белгіленген жерлер, барлығы, гектар

Жер санаты

Оның ішінде:

егістік жер  (гектар)

шабындық (гектар)

жайылымдар (га)

1

Бұлақ ауылдық округінің әкімшілік шекараларында

176,44

Ауылшаруашылық жерлер

98,86

 

77,58

 

 

 

 

Дата публикации
13 ноября 2020
Дата обновления
13 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы