Меню

Страницы

Статья

2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Зеренді ауданы әкімдігі қызметінің есебі

2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

Зеренді ауданы әкімдігі қызметінің есебі

 

 

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Зеренді ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы есепте (бұдан әрі – есеп)  Зеренді ауданының жергілікті атқарушы органдары көрсеткен мемлекеттік қызметтер бойынша мәліметтер енгізілген.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

- мемлекеттік қызметтер саны: ауданның жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтердің 59 түрін және 58 кіші түрін көрсетеді.

- 6 қызметті ауылдық округ әкімдіктері көрсетеді.

 

2) ауданның 22 ауылдық округінде «E-gov.kz» арқылы халыққа электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін компьютермен, сканермен, принтермен, веб-камерамен, картридермен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды, сондай-ақ цифрлық құжаттар туралы 22 баннер орналастырылды.

Зеренді ауданының Зеренді, Чаглинка, Бұлақ ауылдық округтерінде және Айдабол ауылында мемлекеттік қызметтерге халықтың қол жеткізуін жеңілдету және насихаттауды іске асыру мақсатында «Сервистік әкімдік» жобалары іске асырылды, онда халықтың консультациялық көмек алуға және "E-gov"өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар.

  1. Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

1) неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер: Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру; Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу; Жұмыссыздарды тіркеу; Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсететін барлық жергілікті атқарушы органдардың стендтерінен алуға болады. Зеренді ауданы әкімінің сайтында https://beta.egov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy?lang=ru. аудан әкімінің инстраграм парақшасында және ауылдық округтер әкімдіктерінің парақшаларында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Жария талқылауға арналған мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер аудан әкімінің сайтында орналастырылады, онда әрбір тұрғын есептерді қарап, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

«Инстаграм» әлеуметтік желісінде 59 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімдер мен әкім аппараттарының қызметкерлерімен «ZOOM» арқылы 7 семинар өткізілді.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері - көрсетілетін қызметті берушілер үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқыту жүргізілді – 76 қызметкер оқытылды - оның ішінде 71 мемлекеттік қызметші.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1 шағым тіркелді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес Зеренді ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімі ауданның 10 мекемесінде («Алексеевка кенті әкімінің аппараты», «Приречен ауылдық округі әкімінің аппараты», «Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты», «Сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі», «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі», «Дене шынықтыру және спорт бөлімі», «Экономика және қаржы бөлімі». Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына қанағаттануын және одан әрі тиімділігінің перспективаларын арттыру.

1) Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі жоспарлы көрсеткіштер бекітілді, 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бүгінде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, мемлекеттік басқару органдары азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсететін "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, ал мемлекеттік басқару сапасының негізгі бағалауларының бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануы болып табылады.

 Зеренді ауданы әкімі

аппаратының басшысы                                                       А. Хайдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

Зеренді ауданы әкімдігі

қызметінің есебіне

Қосымша

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қызмет алушылардан түскен шағымдар туралы ақпарат

 

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағым мазмұны

Шағымды қарастырып және (немесе)

 шешім қабылдаған

орган (ұйым),

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру нәтижесі бойынша  құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

Зырянов Н.В.

Негізсіз бас тарту

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті

05.10.2023 – 18.10.2023 г.

18.10.2023г. № 53

Көрсетілетін қызметті алушыға түсініктеме берілді

-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 февраля 2024
Дата обновления
26 февраля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы