Меню

Страницы

Статья

«Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

«Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

 

«Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Мекенжай деректері: Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылы Тәуелсіздік көшесі 58, байланыс телефоны 8-71632-22-8-93 және 8-71632-20-1-38.

Қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат              9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін жүзеге асырылады.

«Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мынадай мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

  1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру»;
  2. «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»;
  3. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісу»;
  4. «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру»;
  5. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру;
  6. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштер қаралды.

 

№ п/п

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Барлығы

 

1

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру»

134

2

 

«Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»

220

3

 

«Эскизді (эскиздік жобаны) келісу»

120

4

«Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру».

23

5

Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру

0

6

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру

0

 

(қызметтер «электрондық үкімет» порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тегін көрсетіледі, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде көрсетіледі);

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Зеренді ауылында, Тәуелсіздік көшесі 58-де орналасқан стендтерде орналастырылады.

2023 жыл ішінде Instagram платформасында тікелей эфирде мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік мекеменің қызмет көрсету саласындағы жұмысын жақсарту мәселелері талқыланып, халықтың ұсыныстары мен ескертулері талқыланды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ. Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағымның мәні

Шағымды

қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған

шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

0

0

0

0

0

0

0

 

Бөлім басшысы                                                                                                 А. Шоманов

 

Дата публикации
22 февраля 2024
Дата обновления
22 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы