Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы «Зеренді ауданы Күсеп ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

2023 жылғы «Зеренді ауданы Күсеп ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде

мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы

қызмет туралы есеп

 

«Зеренді ауданы Күсеп ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Өркен ауылы, Целинная көшесі, 28. Байланыс телефоны 871632 33-5-09. Сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін жұмыс күні қабылдайды, 13-00-ден 14-00-ге дейін үзіліс беріледі, демалыс және мерекелік күндері.

«Зеренді ауданы Күсеп ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

  1. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
  4. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату»;
  5. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою
  6. Жер учаскесінің жалға алу мерзімін ұзарту

2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 5, соның ішінде:

 

№ р/с

Мемлекеттік қызмет атауы

Барлығы

1

 

Кент, ауыл  жерлерінен жер учаскесін беру

1

2

 

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

1

3

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

2

4

Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы  сату

1

5

Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

0

6

Жер учаскесінің жалға алу мерзімін ұзарту

0

 (қызмет қағаз түрінде және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тегін көрсетіледі) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелерінің негізінде).

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жөнінде толық ақпарат   Күсеп ауылдық округі әкімінің ғимаратында стендте жайғастырылған. 

Әкімдік ғимаратында барлық қажетті ұйымдастыру техникасымен жабдықталған EGOV өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. 2023 жылы округ тұрғындарына өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 530 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Округ аумағында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 3 банер бар.

Жыл бойы әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттар жарияланды. 2023 жылы 2 тікелей эфир өткізілді

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу тіркелген жоқ. 2023 жылы Құсеп ауылдық округінде мемлекеттік қызмет көрсетуге шағым тіркелген жоқ.

 Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат   

Шағымданушы туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қараған және шешім қабылдаған орган (ұйым),

 

Қарастыру күні

Шағымды қарастыру қорытындысы туралы құжат №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет 

1

2

3

4

5

6

7

Шағымдар түскен жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күсеп ауылдық округінің әкімі:                                                  С.Сарсенбаев

 

 

Дата публикации
13 февраля 2024
Дата обновления
13 февраля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

21 октября 2026
Зеренді ауданындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлама
21 октября 2026
ПЕРЕЧЕНЬ мест для встреч с избирателями по Зерендинскому району
21 октября 2026
Зеренді ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы