2023 жылғы 4 маусымға тағайындалған Зеренді ауданы
Бұлақ ауылдық округінің әкімін сайлауға кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Зеренді ауданы Бұлақ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Тайлақ Сартайұлы Жұмағалиев, 1964 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Зеренді ауданы Бұлақ ауылдық округінің Еленовка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Бейбіт Дүйсенұлы Қаюпов, 1986 жылы туған, Зеренді ауданының Қызылсая ауылында тұрады, Зеренді ауданының «Қызылсая ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, өзін-өзі ұсынған.
- Алмат Мұратұлы Мұқышев, 1995 жылы туған, Көкшетау қаласының «Краснояр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, өзін-өзі ұсынған.
Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы