«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 бабының 6) тармақшысына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына және Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 26 сәуірдегі №18/19 «Ақмола облысы Зеренді ауданының Бұлақ ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес, Бұлақ ауылдық округі аумағының шекарасында Зеренді ауданы Бұлақ ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылды.
Зеренді ауданы ауылдық округ әкімін сайлау бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясы келесі мекен жайда орналасқан:
Зеренді а. Тәуелсіздік көшесі, 40, тел.: 8 (716 32) 2-11-97.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы