Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімдігі Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі әлеуетті операторды айқындау бойынша, жеке және заңды тұлғалардан 2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінімдер қабылдайды. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2023 жылғы 6 ақпанға дейін. Өтінімдер электрондық түрде "e-otinish" базасы арқылы және Тәуелсіздік 71 мекенжайы бойынша қолма-қол қабылданады.
Қатысу үшін келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
- Қатысуға өтінім.
- Салық қызметтерінен бюджет алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
- Мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екені туралы банктің анықтамасы ;
- Мүлікке ауыртпалықтың жоқтығы туралы анықтама;
- Бөлінген дизель отынын толық көлемде сатып алу үшін жеткілікті сомада қаржы қаражатының бар екендігі туралы оператордың банктік шотынан үзінді көшірме немесе Екінші деңгейдегі банктен кредит желісін ашу туралы ниет хаты ;
- Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерін сақтау және босату үшін мұнай базаларының болуы;
- Қажет болған жағдайда дизель отынын АШТӨ-ге уақтылы жеткізу үшін, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бензин тасушылардың болуы;
- Автожанармай құю станцияларының болуы және талон жүйесі бойынша, АШТӨ үшін дизель отынын босату жөніндегі келісімнің болуы;
- Әлеуетті Оператор әрбір АШТӨ бөлінісінде дизель отынын іріктеу туралы ақпаратты ОСХ-ға күн сайын ұсынуға міндетті;
- Дала жұмыстары кезінде, демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім – хат.
- Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.