2026 жылдың 12 сәуірінде өткен Ақмола облысы Зеренді ауданының Бәйтерек ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы
хабарламасы
2026 жылдың 12 сәуірінде Зеренді ауданының Бәйтерек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Зеренді ауданының Бәйтерек ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамасының негізінде, сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 666 азамат енгізілді, олардың 453-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 13, «Барлығына қарсымын» жолында белгісі бар – 33.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әлжанов Ә.Т. – 30; Әубәкірова С.Қ. – 63; Шәкіржанов Е.Н. – 314.
Бәйтерек ауылдық округінің әкімі болып Шәкіржанов Ержан Нұрғалиұлы сайланды, 1966 жылы туған, «Зеренді-Астық» ЖШС-нің заңгері, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, «Amanat» партиясымен ұсынылған.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы