Зеренді ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «19» маусымдағы
№ А-6/325 қаулысына
қосымша
1-тарау. Жалпы ережелер
1) Зеренді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Мәдениет үйі»» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) «Зеренді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі;
3) Зеренді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
мәдениет, тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік саясатты жүргізу және іске асыру, аудандағы ұлтаралық келісімді қамтамасыз ететін конституциялық қағидаларды бекіту;
мәдениетті іске асыру бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, рухани-мәдени құндылықтарды, Қазақстан Республикасының жаңа азаматтық менталитетін, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
аудан тұрғындары – оқырмандарға аудан, облыс, ел өмірінде орын алып жатқан маңызды экономикалық, саяси, мәдени оқиғалар туралы шынайы ақпарат жеткізу;
мемлекеттік және ұлттық тілдерді, мәдениеттерді, ауданды мекендейтін халықтардың рухани дәстүрлерін дамыту саласында шаралар әзірлеу және жүзеге асыру;
азаматтардың ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына жақындасуы арқылы патриоттық және эстетикалық тәрбиеленуіне жағдай жасау;
мәдени құндылықтарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету;
халыққа мәдени қызмет көрсетудің минималды мемлекеттік стандарттарын белгілеу;
1) құқықтары:
Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауыл және ауылдық округ әкімдерінен, атқарушы органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің басшыларынан және басқа да лауазымды тұлғалардан ақпарат, құжаттар немесе өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұрату және алу;
Мемлекеттік мекеменің қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу жүргізу;
мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалану;
тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
2) міндеттері:
Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинар-кеңестер, конференциялар өткізу;
Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент Жарлықтары мен өкімдерін, Үкімет Қаулыларын орындау мақсатында аудан әкіміне шешім жобаларын әзірлеу және қарауға енгізу, аудан әкімі қабылдаған шешімдердің іске асырылуын ұйымдастыру және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын, бағдарламаларын, мәдениеттік саясатты іске асыру;
мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
мәдениет үйлерінің, клубтардың, ауданның орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен Тілдерді оқыту орталығының қызметін басқару;
театр, музыка және кино, кітапхана және мұражай жұмысы, мәдени-бос уақыт жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ олардың қызметін қолдау және үйлестіру саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру;
мәдениет қайраткерлері мерейтойларын даярлау, ұйымдастыру және өткізу;
жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
ауданның мәдениет объектілерін салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша ұсыныстар енгізу;
мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған іс-шараларды аудандық деңгейде жүзеге асыру;
азаматтардың тілдік негізінде кемсітушілікке жол бермеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің атауларын атау және қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстарды облыстық ономастикалық комиссияға және ауданның ономастикалық объектілерінің тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу жөніндегі жұмыс тобына ұсыну;
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру;
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының сақталуын және орындалуын қадағалау;
ауызша және көрнекі ақпараттардың заң талаптарына сәйкес болуына бақылау жүргізу;
маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
мақсаттар мен өкілеттіктерді іске асыру мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер шегінде жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Мемлекеттік мекеменің ережесін әзірлейді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді және оны аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
Мемлекеттік мекеменің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
Мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
аудан әкіміне шешімдер мен өкімдер жобаларын және басқа да материалдарды ұсынады;
Мемлекеттік мекеменің облыстық және аудандық басқармалармен, жергілікті өкілді және атқарушы органдармен тұрақты байланысын қамтамасыз етеді;
мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, қызметтік тәртіпті, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді, қызметтік этиканы және Мемлекеттік мекеменің ережесін сақтайды;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдайды және бұл үшін жеке жауапкершілік көтереді;
Мемлекеттік мекеменің қызметін талдайды, оны жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды, мемлекеттік мекеме мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;
бірінші басшының өкілеттіктерін ол болмаған кезде, оны алмастыратын тұлға қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік,сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату