Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-95 «Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы              № 13-95 «Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Зеренді аудандық мәслихатының «Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-95 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8684-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

 көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

 6 - тармақтағы 10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;

10-тармақтағы 10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;

11-тармақ 4) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

« 4) әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер, туберкулез) бар адамдарға (отбасыларға) жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

11-тармақ 16) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

«16) гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға ай сайын (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

11 - тармақтағы 8), 14) тармақшалар алып тасталсын;

12-тармақтағы 1) тармақша алып тасталсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
06 апреля 2026