2026 жылдың 12 сәуіріне тағайындалған, Ақмола облысы Зеренді ауданының Бәйтерек ауылдық округінің әкімінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Зеренді аудандық сайлау комиссиясының  

2026 жылғы 4 наурыздағы №5/137  қаулысымен бекітілген

 

 

2026 жылдың 12 сәуіріне тағайындалған, Ақмола облысы Зеренді ауданының Бәйтерек ауылдық округінің әкімінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1.                  Зеренді ауданының Бәйтерек ауылдық округінің әкімін  сайлауды тағайындау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Өкілеттіктері мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын

2026 жылғы 4 наурыз

(113-1-б 1-т., 1-т-сы., 2-т.)

 

2. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей -

2026 жылдың 14 наурызынан  кешіктірмей

(22-б. 2 т.)

 

3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2026 жылдың 14 наурызынан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2026 жылдың 19 наурызынан кешіктірмей

 

(17-б. 2-т.)

 

 

 

 

5. Сайлау учаскесінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Аудан  әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2026 жылдың 19 наурызынан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар – өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күнге екеуден аз кандидат ұсынылса, жоғары тұрған әкім жүргізеді

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2026 жылдың 5 наурызынан бастап, 2026 жылдың 17 наурызында сағат 18.00-де жергілікті уақытымен  аяқталады

(113-3-б.)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

(4-б., 113-2-б.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күнінен бастап

 (14-б. 8-1) т-сы., 31-б.)

 

 

 

 

9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы  құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т. 9-т.)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу (2026 жылғы 1 қаңтарға ұсынылған әрбір кандидат үшін 85000 теңге)

 

Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (ұсынылған әрбір кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

12. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда, ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне (2026 жылдың 1 сәуірі) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

5 наурыздан басталады және 2026 жылдың 22 наурызында сағат 18.00-де жергілікті уақытымен  аяқталады

 

(113-5-б.)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергiлiктi атқарушы орган, аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

2026 жылдың 22 наурызына дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2026 жылдың 22 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден бастап  2026 жылдың 11 сәуірінде  нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергiлiктi атқарушы орган, аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

19. Сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Зеренді ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2026 жылдың 22 наурызына дейін

(24-б. 5-т.)

 

20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімімен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2026 жылдың 5 қыркүйегіне бастап

(26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2026 жылдың 1 сәуіріне дейін

(18-б. 5) т-сы., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларға жеткізу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күннен кешікпей

2026 жылдың 9 сәуірінен ерте емес және 2026 жылдың 11 сәуіріне  дейін

(37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2026 жылдың 12 сәуірінде  жергілікті уақыт бойынша  сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

 

 

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т-сы., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік  сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімінен кешіктірмей

2026 жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей

(113-10-б. 1-т.)

 

29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2026  жылдың 18 сәуірінен кешіктірмей

(44-б., 4т., 3т-сы)

 

 

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

 

Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2026 жылдың 18 сәуірінен кешіктірмей

 

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

Дата публикации
04 марта 2026