2025 жылға Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

2025 жылға Зеренді ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша  қызметі туралы есебі

 

       «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 28 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу
  2. Еңбекші көшіп - келушіге рұқсатты беру;
  3. Еңбекші көшіп- келушіге рұқсатты ұзарту;
  4. Еңбекші көшіп- келушіге рұқсатты кері қайтарып алу;
  5. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;
  6. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру;
  7. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен мүлікке билік ету, зейнетақырларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша шешім беру;
  8. Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған кәмелетке толған адамның мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру;
  9. Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;
  10. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
  11. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;
  12. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтрға куәліктер беру;
  13. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға куәліктердің телнұсқасын бру;
  14. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу;
  15. Ақталған адамға куәлік беру;
  16. Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  17. Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  18. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды еке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  19. Естуі бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметімен мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  20. Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;
  21. Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
  22. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
  23. Стационарлық жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
  24. Жартылай стационарлық жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
  25. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу;
  26. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды автокөлікпен тасымалдау (инватакси);
  27. Тұрғын үй көмегін тағайындау;
  28. Тұрғын үй сертификаттарын беру;

       Мемлекеттік қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін негізде жүргізіледі.

       2024 жылы «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсеткен мемлекеттік қызметтерінің саны - 1323, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» арқылы - 121; электрондық үкімет порталы арқылы - 502; көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы (вебті қоспағанда «электрондық үкімет» порталы) - 700.

       2025 жылы неғұрлым сұранысқа ие қызметтер: «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»; «Еңбекші көшіп - келушіге рұқсатты беру»; «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу».

       Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Зеренді ауданы әкімінің сайтында, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараттық стендтерінде орналастырылған.

       2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру бойынша екі Тікелей эфир өткізілді.

       Тұрақты негізде жауапты қызметкерлер мен «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ (қосымша):

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметалушылар

шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағым мәнісі

Шағымдықарағанжәне (немесе) шешімқабылдаған орган (ұйым)

Қараған күні

Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі құжат нөмірі

Қабылданған шешім

Қабылданған

Шешімді қайта қарау

Туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Шағым келіп түскен жоқ

     

       2026 жылғы ақпан-наурыз айларында «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау өткізіледі; 2025 жылғы есеп аудан әкімінің сайтында орналастырылатын болады.

       «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы пікірлерді, ұсыныстарды, ескертулерді аудан әкімінің сайтында орналастыруға немесе «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ уәкілетті органының орналасқан жері бойынша демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-18.30 дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.  Нақты және заңды мекенжайы: Зеренді ауылы Тәуелсіздік көшесі 52 Б, байланыс телефоны: 21168.

 

Бөлім басшысы                                                                                     Э. Боқанова 

 

 

Дата публикации
27 февраля 2026