Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 34-252 «Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 187 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №36186 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының 3-параграфына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін айқындау туралы Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 34-252 шешіміне толықтыру енгізілсін, Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі келесі мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
5) «толық емес отбасылар».