«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес және мәслихат депутаттығына кандидаттың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу негізінде келіп түскен құжаттарды қарап, Зеренді аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №12 округтік сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
№12 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат болып 1977 жылы туған, Зеренді ауданының Қанай би ауылында тұратын, «Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Кіші Түкті орман шаруашылығы мекемесі" КММ директоры Баядилов Батырбек Бегайдарұлы тіркелсін, Қазақстан Халық партиясымен ұсынылған.
№12 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат болып 2000 жылы туған, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұратын, "Зеренді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ әлеуметтік мәселелер жөніндегі консультанты Тасова Жұлдыз Ерланқызы тіркелсін, өзін - өзі ұсынған.
№12 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат болып 2003 жылы туған, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұратын, "Зеренді ауданының құрылыс, қала құрылысы және сәулет бөлімі" ММ шарт бойынша маманы Құлмағамбет Думан Дулатұлы тіркелсін, өзін - өзі ұсынған.
Зеренді аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №12 округтік сайлау комиссиясы