2025 жылдың 21 қыркүйегінде Зеренді ауданының Симферополь ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Зеренді ауданының Симферополь ауылдық округі әкімінің сайлауы нәтижелері туралы хаттамасының негізінде, сайлау қорытындыларын белгіледі:
Симферополь ауылдық округі бойынша
Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 658 азамат енгізілді, олардың 468-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Барлығына қарсымын» жолында белгісі бар – 2.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дүйсенов С.Ш. – 44; Сабитов А.Н. – 383; Саутбекова А.С. – 37.
Симферополь ауылдық округінің әкімі болып Сабитов Азамат Нұрымбекұлы сайланды, 1980 жылы туған, «Қос ел Агро» ЖШС қойма меңгерушісі, Зеренді ауданының Симферополь ауылында тұрады, «Respublika» партиясымен ұсынылды.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы