Z-ИНФОРМ» ЖШС
ТОО «Z-ИНФОРМ»
«Зерделі Зеренді» «Зерен»
қоғамдық - саяси газеті общественно-политическая газета
Ақмола облысы Акмолинской области
Зеренді ауданы Зерендинского района
Зеренді с., Тәуелсіздік (Мира) к.65 с.Зеренда, ул. Тәуелсіздік (Мира),65
Тел./ факс: 8-71632-20-1-93, zerenda_gazeta@mail.ru
Зеренді аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясына
Ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «№12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихаттың депутатын сайлауды тағайындау туралы» Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 27 тамыздағы №22/126 қаулысымен, сайлаудың 2025 жылдың 26 қазанына белгіленуі негізінде «Зерделі Зеренді» және «Зерен» газеттерінің редакциясы Зеренді аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихаттар жасаулары үшін баспа алаңын береді. Зеренді аудандық мәслихатының депутатын сайлау бойынша үгіт жарияланымдары келісімдер жасау, тiркеу аяқталған күннен басталады: 2025 жылғы 30 қыркүйек.
Құны 1 шаршы сантиметрге 120 (жүз жиырма) теңге – 2,3,4,5 беттер (ақ-қара түсті).
Зеренді аудандық мәслихатының депутатына кандидаттарға газет алаңын беруге Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу туралы шешімі және бұқаралық ақпарат құралдарының басшысының атына жазбаша өтініші негіз болады.
Материалдар дайын басылған түрде (әр парақта кандидаттың немесе оның өкілетті өкілінің қолы қойылған) немесе электронды тасымалдағышта ұсынылады.
Зеренді аудандық мәслихатының депутатына кандидаттардың сайлауалды жарияланымдары 100% алдын ала төлемнен кейін, олардың келіп түсу тәртібімен және «Зерделі Зеренді» және «Зерен» газеттерімен жасалған келісімдерде көрсетілген мерзімде жарияланады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Зеренді аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды сайлауалды жарияланымдарында қаржыландыру көздері туралы ақпарат болуы қажет екенін естеріңізге саламыз.
Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.
«Z-ИНФОРМ» ЖШС директоры: С.В.Ким.