Зеренді ауданының ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

Зеренді ауданының
ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы
хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

Зеренді ауданы Симферополь ауылдық округінің әкіміне келесі кандидаттар тіркелсін:

  1. Дүйсенов Серікбай Шоқыбайұлы, 1963 жылы туған, Зеренді ауданының «Қонысбай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Зеренді ауданының Қонысбай ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
  2. Сәбитов Азамат Нұрымбекұлы, 1980 жылы туған, «Қос ел Агро» ЖШС қойма меңгерушісі, Зеренді ауданының Симферополь ауылында тұрады, «Respublika» партиясымен ұсынылған.
  3. Сауытбекова Анаргүл Сайлаубайқызы, 1976 жылы туған, Зеренді ауданының «Күсеп ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Зеренді ауданының Өркен ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 августа 2025