2025 жылдың 26 қазанына тағайындалған,  №12 бірмандаттық аумақтық  сайлау округі бойынша  шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихаттың депутатын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК  ЖОСПАРЫ

Зеренді аудандық сайлау комиссиясының
2025 жылғы 27 тамыздағы
№ 22/126 қаулысына қосымша

 

 

2025 жылдың 26 қазанына тағайындалған,  №12 бірмандаттық аумақтық  сайлау округі бойынша  шығып қалғанның орнына Зеренді аудандық мәслихаттың депутатын сайлауды әзірлеу мен
өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК  ЖОСПАРЫ

 

        1. Сайлау округінің шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы мәліметтерді көрсете отырып,  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2025 жылдың 6 қыркүйегінен  кешіктірмей

(22-б., 2 т., 2-1 т.)

 

         2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2025 жылдың 6 қыркүйегінен  кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

 

3. Сайлау учаскесінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2025 жылдың 11 қыркүйегінен кешіктірмей

                                                                                      (23-б. 5-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2025 жылдың 11 қыркүйегінен кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

 

5. №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және №12 округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, және олардың құрылымдық бөлімшелері  (филиалдар мен өкілдіктер)  және өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтар

Дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлау күніне отыз күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

2025 жылдың 27 тамызында басталады және 25 қыркүйегінде  жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00-де аяқталады          

 (103-б.)

 

6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

№12 округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша  активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

№12 округтік сайлау комиссиясы

Дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

2025 жылдың 27 тамызында басталады және 30 қыркүйегінде  жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00-де аяқталады  

                                                                                       (104-б)

                                                                        

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

№12 округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

№12 округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

 

                                              (16-1 б. 6-тт., 104-б. 6-1-т. 1-тт., )

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

№12 округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6-тт., 31-б.)

                                                            

12. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

 

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу (жүгінген жағдайда)

 

№12 округтік сайлау комиссиясы

Кандидатты тіркегеннен кейін 

                                                                               (34-б. 6-т.)

 

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

№12 округтік сайлау комиссиясы

Айына екі рет

Ереженің 23 т.

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Аудан әкімдігі,  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2025 жылдың 29 қыркүйегіне дейін

(28-б. 6-т.)

 

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2025 жылдың 30 қыркүйегінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 25 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімдігі,  аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                 

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,

2025 жылғы 5 қазан

 (26-1 б. 1-т.)

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда,

2025 жылдың 10 қазанынан бастап

                                                                           (26-б. 1-т.)

 

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                         

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей,

2025 жылдыың  15 қазанына дейін

   (18-б. 5 -тт., 38-б. 2-т.)

 

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2025 жылғы 23-25 қазан

 (37-б. 3-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау 

 

 

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2025 жылдың 26 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де 

(40-б. 1-т.)

 

23. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні, 2024 жылдың 26 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

 

24. Дауыстарды санау және аудандық депутаттарды сайлау бойынша сайлау учаскесінде  дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

2025 жылдың 26 қазанында жергілікті уақыт бойынша 20.00 сағатта басталады және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспайды

 (18-б. 8-тт., 43-б.)

 

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

26. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды №12 округтік сайлау комиссиясына ұсыну

 

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

 

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

№12 округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

                                                                            (108-б. 1-т.)

 

28. Аудандық мәслихат депутатын сайлау қорытындыларын анықтау

 

Аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей,

2025 жылдың 28 қазанынан кешіктірмей                                                                    

(14-б., 9-тт., 44-б., 2-т., 108-б. 2 т. )

 

29. Аудандық мәслихат депутатын сайлау қорытындылары туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей

 (14-б. 9-тт., 44-б. 4-т. 2-тт.)

 

30. Сайланған аудандық мәслихат депутатын тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9-тт., 46-б. 3-т., 1-тт., 112-б. 1-т.)

 

 

 

 

 

 

 

31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

Дата публикации
27 августа 2025