Ақпараттық хабарлама

                                   Z-ИНФОРМ» ЖШС

                                             ТОО «Z-ИНФОРМ»

          «Зерделі Зеренді»                                                                                  «Зерен»

қоғамдық - саяси  газеті                                                 общественно-политическая газета

Ақмола облысы                                                                        Акмолинской области

Зеренді ауданы                                                                          Зерендинского района

 

Зеренді с., Тәуелсіздік (Мира) к.65                с.Зеренда, ул. Тәуелсіздік (Мира),65

                               Тел./ факс: 8-71632-20-1-93, zerenda_gazeta@mail.ru

 

 

  Зеренді  аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясына

                                                                                          

 

Ақпараттық  хабарлама

 

    «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  Қазақстан Республикасының  Конституциялық   заңының  28-бабының 3-тармағына  сәйкес, Зеренді   аудандық   аумақтық сайлау  комиссиясының  2025  жылғы  13  тамыздағы №18/122   «Ақмола облысы  Зеренді  ауданының  Симферополь  ауылдық  округінің   әкімін  кезектен  тыс  сайлауды тағайындау  туралы»   қаулысы  негізінде,  сайлаудың  2025  жылдың  21 қыркүйегіне   тағайындалуына   байланысты   «Зерделі  Зеренді»   және  «Зерен»  газеттерінің   редакциясы   Симферополь  ауылдық  округінің   әкімі қызметіне   кандидаттарға  сайлауалды  үгіт-насихат  жұмыстарын  жүргізуге    баспа  алаңын  береді. Зеренді  ауданының  Симферополь  ауылдық  округінің    әкiмін   сайлауды   өткiзу  бойынша    үгiт  материалдарына  шарттар  жасасу   тiркеу  аяқталған  күннен  басталады:  2025  жылдың  31  тамызы.

   1 шаршы сантиметрдің құны  120   (жүз  жиырма) теңге – 2,3,4,5   жолақтар  (ақ-қара).

   Зеренді   ауданының   Симферополь  ауылдық  округі  әкімінің  қызметіне   кандидаттарға  газет  алаңын  беруге   Зеренді  аудандық  аумақтық сайлау комиссиясының  кандидаттарды  тіркеу   туралы  шешімі   және  бұқаралық  ақпарат  құралдары  басшысының атына жазылған   жазбаша  өтініші негіз  болады.

   Материалдар   дайын  баспа түрінде (әр парақта кандидаттың немесе оның  сенімді  тұлғасының   қолы  қойылған)  немесе электронды    тасымалдағышта ұсынылады.

   Зеренді  ауданының   Симферополь  ауылдық  округі   әкімінің   қызметіне  кандидаттардың   сайлауалды   үгіттеу    материалдары 100%   алдын  ала  төлемнен кейін,   олардың   келіп  түсу  тәртібімен,   «Зерделі   Зеренді»   және  «Зерен»  газеттерімен жасалған   келісімдерде   көрсетілген  мерзімде   жарияланады.

   Бұқаралық   ақпарат  құралдарында  Зеренді  ауданының   Симферополь  ауылдық  округі  әкімінің  қызметіне  кандидаттардың   сайлауалды  үгіттеу  жарияланымдарында   қаржыландыру  көздері  туралы   ақпараттың  болуы   қажет  екенін  ескертеміз.

   Мазмұны  «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  Заңының  талаптарына сәйкес  келмейтін   мәтіндер  жарияланбайды.

 

 «Z-ИНФОРМ»  ЖШС  директоры:                                                           С.В.Ким.

Ақпараттық хабарлама
Дата публикации
18 августа 2025