Зеренді аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылдың 13 шілдесінде өткен Ақмола облысы Зеренді ауданының Троицк және Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округтерінің және Алексеевка кентінің әкімдерін тіркелгені туралы хабарламасы

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2025 жылғы 16 шілдедегі  шешімімен:

2025 жылдың 13 шілдесінде сайланған Зеренді ауданы Алексеевка кентінің әкімі етіп Алхатов Қайрат Жансерікұлын;

2025 жылдың 13 шілдесінде сайланған Зеренді ауданы Троицк ауылдық округінің әкімі етіп Жолданғар Бауыржан Жанболатұлын;

 2025 жылдың 13 шілдесінде сайланған Зеренді ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округінің әкімі етіп Әділханов Бейбіт Есенкелдіұлын тіркеді.

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
16 июля 2025