2025 жылдың 13 шілдесінде Зеренді ауданының Троицк және Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округтерінің және Алексеевка кентінің әкімдерінің сайлауы өтті.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Зеренді ауданының Троицк және Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округтерінің және Алексеевка кенті әкімдерінің сайлауы нәтижелері туралы хаттамасының негізінде, сайлау қорытындыларын белгіледі:
Алексеевка кенті бойынша:
Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 1215 азамат енгізілді, олардың 657-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 3, «Барлығына қарсымын» жолында белгісі бар – 65.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ақтанов Б.Б. – 69; Алхатов Қ.Ж. – 465; Әміржанов Д.С. – 52.
Алексеевка кентінің әкімі болып Алхатов Қайрат Жансерікұлы сайланды, 1964 жылы туған, Алексеевка кентінің әкімі, Алексеевка кентінде тұрады, “Amanat” партиясымен ұсынылған.
Троицк ауылдық округі бойынша
Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 632 азамат енгізілді, олардың 514-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 1, «Барлығына қарсымын» жолында белгісі бар – 6.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Готфрид Н.Ю. – 28; Жолданғар Б.Ж. – 455; Жүсіпова Ұ.О. – 24.
Троицк ауылдық округінің әкімі болып Жолданғар Бауыржан Жанболатұлы сайланды, 1996 жылы туған, “Троицк ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ бас маманы, Зеренді ауданының Қарсақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округі бойынша
Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 546 азамат енгізілді, олардың 339-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсымын» жолында белгісі бар – 43.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әділханов Б.Е. – 199; Афанасьева О.Н. – 81; Чеховской Ю.В. – 16.
Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округінің әкімі болып Әділханов Бейбіт Есенкелдіұлы сайланды, 1970 жылы туған, Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округінің әкімі, Көкшетау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы