«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Зеренді ауданы Троицк ауылдық округінің әкіміне келесі кандидаттар тіркелсін:
- Готфрид Наталья Юрьевна, 1995 жылы туған, Зеренді ауданының «Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Жолданғар Бауыржан Жанботаұлы, 1996 жылы туған, Зеренді ауданының «Троицк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Зеренді ауданының Қарсақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Жүсіпова Ұлыбала Омашқызы, 1974 жылы туған, «Зеренді ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Зеренді ауданы Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округінің әкіміне келесі кандидаттар тіркелсін:
- Әділханов Бейбіт Есенкелдіұлы, 1970 жылы туған, Зеренді ауданының Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округінің әкімі, Көкшетау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Афанасьева Олеся Николаевна, 1984 жылы туған, Зеренді ауданының «Исаковка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Зеренді ауданының Исаковка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Чеховской Юрий Владимирович, 1996 жылы туған, Зеренді ауданының «Бәйтерек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Көкшетау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Зеренді ауданы Алексеевка кентінің әкіміне келесі кандидаттар тіркелсін:
- Ақтанов Бахтияр Болатұлы, 1990 жылы туған, «Зеренді ауданының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ секторы меңгерушісінің міндетін атқарушысы, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Алхатов Қайрат Жансерікұлы, 1964 жылы туған, Зеренді ауданы Алексеевка кентінің әкімі, Зеренді ауданының Алексеевка кентінде тұрады, «Amanat» партиясымен ұсынылған.
- Әміржанов Дархан Сейілбекұлы, 1992 жылы туған, «Зеренді ауданының Экономика және қаржы бөлімі» ММ секторының меңгерушісі, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы