Ақмола облысы
Зеренді ауданының Троицк, Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округтері және Алексеевка кенті әкімдерінің кезекті
сайлауын тағайындау туралы
хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, 2 және 4 тармақтарына және Зеренді аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 4 маусымдағы №14/118 «Ақмола облысы Зеренді ауданының Троицк, Сәкен Сейфуллин атындағы ауылдық округтері және Алексеевка кенті әкімдерінің кезекті сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес, сайлау 2025 жылдың 13 шілдесіне тағайындалғанын хабарлаймыз.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы