Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-95 «Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Зеренді аудандық мәслихатының «Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-95 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8684-03 болып тіркелген) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

11-тармақ келесі мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

«16) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға гемодиализ алу кезеңінде жол жүруге ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
14 мая 2025