Зеренді аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылдың 11 мамырында өткен Ақмола облысы Зеренді ауданының Қызылсая ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

     

2025 жылдың 11 мамырында Зеренді ауданының Қызылсая ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының Зеренді ауданы Қызылсая ауылдық округі әкімінің сайлауы нәтижелері туралы хаттамасының негізінде, сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Қызылсая ауылдық округі бойынша

Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 285 азамат енгізілді, олардың 237-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 2.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жамұханов А.Ө. – 199; Махамбетова Ж.Қ. – 21; Уфимцев В.В. – 15.  

Қызылсая ауылдық округінің әкімі болып Жамұханов Асылбек Өтегенұлы  сайланды, 1983 жылы туған, Қызылсая ауылының жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қызылсая ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
12 мая 2025