«Зеренді ауданының жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Зеренді ауданының тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін айқындау туралы» Зеренді аудандық мәслихатының шешімінің жобасын әзірледі (бұдан әрі – шешім жобасы).
Осы шешім жобасын әзірлеудің мақсаты оны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру болып табылады.
Шешім жобасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларының 4-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген).
Осылайша, шешім жобасын қабылдау мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қолдау үшін қажет.
Шешім жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға алып келмейді.
Шешім жобасы 2025 жылғы 21 сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Зеренді ауданының әкімдігінің сайтында орналастырылды. Осыған байланысты аталған жобаны талқылауға қатысуға шақырамыз.
Жоба мына сілтеме бойынша қол жетімді: