«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық сайлау комиссиясы Зеренді ауданы Қызылсая ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Махамбетова Жібек Қаныбекқызы, 1992 жылы туған, «Қанай би атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, қазақ, Зеренді ауданының Қанай би ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Уфимцев Виталий Владимирович, 1981 жылы туған, «Зеренді ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, орыс, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Жамұханов Асылбек Өтегенұлы, 1983 жылы туған, «Ақмола облысы Зеренді ауданы бойынша Қызылсая ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, өзін-өзі ұсынған.
Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы