ТОО «Z-ИНФОРМ»
«Зерделі Зеренді» «Зерен»
қоғамдық - саяси газеті общественно-политическая газета
Ақмола облысы Акмолинской области
Зеренді ауданы Зерендинского района
Зеренді с., Тәуелсіздік (Мира) к.65 с.Зеренда, ул. Тәуелсіздік (Мира),65
Тел./ факс: 8-71632-20-1-93, zerenda_gazeta@mail.ru
Зеренді аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясына
Ақпараттық хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 2 сәуірдегі №1/105 «Ақмола облысы Зеренді ауданының Қызылсая ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы», сайлаудың 2025 жылдың 11 мамырғы қаулысының негізінде «Зерделі Зеренді» және «Зерен» газеттерінің редакциясы ауылдық округтер әкімдері қызметтеріне кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге баспа алаңын береді. Зеренді ауданының округтері әкiмдерінің сайлауын өткiзу бойынша үгiт материалдарына шарттар жасасу тiркеу аяқталған күннен басталады: 2025 жылдың 20 сәуір.
Құны 1 шаршы сантиметрі 120 (жүз жиырма) теңге – 2,3,4,5 жолақтар (ақ-қара).
Зеренді ауданы бойынша ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарға газет алаңын беру үшін Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу туралы шешімі және бұқаралық ақпарат құралдары басшысының атына жазылған жазбаша өтініші негіз болады.
Материалдар дайын баспа түрінде (әр парақта кандидаттың немесе оның сенімді тұлғасының қолы қойылған) немесе электронды тасымалдағышта ұсынылады.
Зеренді ауданы бойынша ауылдық округтер әкімдерінің қызметтеріне кандидаттардың сайлауалды үгіттеу материалдары 100% алдын ала төлемнен кейін, олардың келіп түсу тәртібімен, «Зерделі Зеренді» және «Зерен» газеттерімен жасалған келісімдерде көрсетілген мерзімде жарияланады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Зеренді ауданының ауылдық округтері әкімдерінің қызметтеріне кандидаттардың сайлауалды үгіттеу жарияланымдарында қаржыландыру көздері туралы ақпараттың болуы қажет екенін ескертеміз.
Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.
«Z-ИНФОРМ» ЖШС директоры: С.В.Ким.