Зеренді ауданының Қызылсая ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Қызылсая аумақтық сайлау округінің шекаралары,
Зеренді аудандық және №529 учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері мен құрамдары туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13 бабының 4 тармағына, 17 бабының 2-тармағына, 22-бабының 2 тармағына, Зеренді аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 2 сәуірдегі №1/105 «Ақмола облысы Зеренді ауданының Қызылсая ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысына сәйкес, Қызылсая аумақтық сайлау округінің шекаралары, Зеренді аудандық және №529 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан жерлері мен құрамдары туралы хабарлаймыз.
Зеренді ауданының Қызылсая ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Зеренді ауданы Қызылсая ауылдық округі шекарасындағы Қызылсая аумақтық сайлау округі.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 40, Зеренді ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Зеренді аудандық Мәдениет үйінің ғимараты, тел. 8 (71632) 21-1-97.
Аумақтық сайлау комиссиясының құрамы: комиссия төрағасы – Балтағарин Алмат Қайроллаұлы; комиссия төрағасының орынбасары -Новокрещенов Константин Михайлович; комиссия хатшысы - Хасенова Айнұр Нұғыманқызы; комиссия мүшелері - Азнабаев Медет Төлеханұлы, Байтенов Дархан Қанатұлы, Оспанова Айнагүл Отызбайқызы, Сейітова Надежда Васильевна.
№529 учаскелік сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қызылсая ауылы, Орталық көшесі, 16, Қызылсая ауылдық клубының ғимараты, тел.8(71632) 34-3-87
Учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: төраға – Беркімбаева Орынгүл Сауытбекқызы; төрағаның орынбасары – Шегірова Жәмила Әнуарбекқызы; хатшы – Қаюпов Бейбіт Дүйсенұлы; комиссия мүшелері: Есімсейітова Айнаш Қималиқызы, Нұрташева Шолпан Эркнеровна.
Зеренді аудандық сайлау комиссиясы