Есеп 2024 жылғы «Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы

     

«Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Мекенжай деректері: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі 58, байланыс телефондары 8-71632-22-8-93 және                        8-71632-20-1-38.

Қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін жүзеге асырылады.

«Зеренді ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі мынадай мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

  1. «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру»;
  2. «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну»;
  3. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу»;
  4. «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру».

 

2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштер қаралды:

 

№

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Барлығы

1

Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру

316

2

Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну

219

3

Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу

113

4

Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру

20

 

(қызметтер тегін негізде, «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі)

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат                       Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі 58-де орналасқан стендтерде орналастырылады.

2024 жыл бойы instagram платформасында тікелей эфирде мемлекеттік қызмет көрсету, мемлекеттік мекеменің қызмет көрсету саласындағы жұмысын жақсарту мәселелері талқыланып, халықтың ұсыныстары мен ескертулері талқыланды.

Жауапты қызметкерлер мен мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ. Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

 

Шағымданушы туралы мәліметтер

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

Шағымдар түскен жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім басшысы                                                                                      А. Шоманов

 

Дата публикации
21 февраля 2025