«Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 18 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Мемлекеттік қызметтерді көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тегін негізде жүргізіледі.
2024 жылы «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ көрсеткен мемлекеттік қызметтерінің саны - 1277, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» арқылы - 271; электрондық үкімет порталы арқылы - 413; көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы (вебті қоспағанда «электрондық үкімет» порталы) - 593.
2024 жылы неғұрлым сұранысқа ие қызметтер: «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»; «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу».
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Зеренді ауданы әкімінің сайтында, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ақпараттық стендтерінде орналастырылған.
2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіру бойынша үш Тікелей эфир өткізілді.
Тұрақты негізде жауапты қызметкерлер мен «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ (қосымша):
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметалушылар
шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәлімет |
Шағым мәнісі |
Шағымдықарағанжәне (немесе) шешімқабылдаған орган (ұйым) |
Қараған күні |
Шағымды қарау нәтижесі жөніндегі құжат нөмірі |
Қабылданған шешім |
Қабылданған Шешімді қайта қарау Туралы мәлімет |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
|
Шағым келіп түскен жоқ |
||||||
2025 жылғы ақпан-наурыз айларында «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебін жария талқылау өткізіледі; 2024 жылғы есеп аудан әкімінің сайтында орналастырылатын болады.
«Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы пікірлерді, ұсыныстарды, ескертулерді аудан әкімінің сайтында орналастыруға немесе «Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ уәкілетті органының орналасқан жері бойынша демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-18.30 дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Нақты және заңды мекенжайы: Зеренді ауылы Тәуелсіздік көшесі 52 Б, байланыс телефоны: 21168.
Бөлім басшысының м.а. Т. Плотникова