«Зеренді ауданы Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Мекен-жайы: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 48 үй. Байланыс телефон 871632 21-2-06. Сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жұмыс күні қабылдайды, 13-00-ден 14-30-ға дейін үзіліс беріледі, демалыс және мерекелік күндері.
«Зеренді ауданы Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен келесі мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі:
2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 82, соның ішінде:
|
№ р/с |
Мемлекеттік қызмет атауы |
Барлығы |
|
1
|
Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру |
4 |
|
2
|
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру |
11 |
|
3 |
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу |
58 |
|
4 |
Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату |
4 |
|
5 |
Жер учаскесін алу үшін кезекке қою |
0 |
|
6 |
Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту |
5 |
(қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары негізінде қағаз нысанда және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы тегін көрсетіледі).
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Зеренді ауылдық округі әкімдігінде орналасқан стендтерде орналастырылады.
Тұрақты негізде жауапты қызметкерлер мен мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізіледі.
Ауылда Egov бұрышы жұмыс істейді (картридер, бейне камера бар). Instagram, facebook-те мемлекеттік қызметтерді көрсетуді түсіндіру бойынша тікелей эфирлер мен жарияланымдар өткізіледі. E-Gov mobile баннері орнатылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтар жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушыдан «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетуден бас тартумен келіспейтіні туралы шағым бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қарауының қорытындысы бойынша шағым қанағаттандырусыз қалдырылды. Бас тарту негізделген.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағымданушы туралы мәлімет |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және шешім қабылдаған орган (ұйым),
|
Қарастыру күні |
Шағымды қарастыру қорытындысы туралы құжат № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарастыру туралы мәлімет |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Аубакир Н. Т (А.Н. Тотановтың өкілі) |
«Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметтерін көрсетуден бас тартумен келіспеу туралы |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті |
2025 ж. 04.01 |
№03-03/263 |
Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру. Бас тарту негізделген. |
|
Зеренді ауылдық округінің әкімі Н. Әбуғалиев