Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылдың 17 қарашасында өткен Ақмола облысы Зеренді ауданының Исаковка және Қанай би атындағы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

       

2024 жылдың 17 қарашасында өткен Зеренді ауданының Исаковка және Қанай би атындағы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Зеренді ауданы Исаковка және Қанай би атындағы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде, сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Исаковка ауылдық округі бойынша

 

Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 426 азамат енгізілді, олардың 369-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 11, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 12.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ақмағанбетова Қ.С. – 39; Байсейітов С.Ш. – 297; Нұржұмаев М.К. - 10.

Исаковка ауылдық округінің әкімі болып Байсейітов Саян Шыңғысұлы  сайланды, 1983 жылы туған, Исаковка ауылдық округінің әкімі, өзін-өзі ұсынған.

 

Қанай би атындағы ауылдық округі бойынша

 

Сайлаушылар тізіміне сайлау округі бойынша 381 азамат енгізілді, олардың 369-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2, «Барлығына қарсы» жолында белгісі бар – 0.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ақмағамбетов М.С. – 334; Алексеева А.В. – 18; Оразалина А.З. – 15.

Қанай би атындағы ауылдық округінің әкімі болып Ақмағамбетов Медет Сайранбекұлы сайланды, 1984 жылы туған, «Қанай би атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, өзін-өзі ұсынған.

 

Зеренді аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
18 ноября 2024