Зеренді ауданы Исаковка ауылдық округінің және Қанай би атындағы ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Зеренді ауданы Исаковка ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:

  1. Ақмағанбетова Қарлығаш Сейілбекқызы, 1984 жылы туған, «Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, қазақ, Көкшетау қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
  2. Байсейітов Саян Шыңғызұлы, 1983 жылы туған, Исаковка ауылдық округінің әкімі, қазақ, Ақмола облысы Зеренді ауданының Исаковка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
  3. Нұржұмаев Мереке Көшекбайұлы, 1994 жылы туған, Зеренді ауданының «Зеренді ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ секторының меңгерушісі, қазақ, Ақмола облысы Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Зеренді ауданы Қанай би атындағы ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді:

  1. Алексеева Альбина Витальевна, 1977 жылы туған, «Викторовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, орыс, Ақмола облысы Зеренді ауданының Викторовка ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
  2. Оразалина Асылтас Зиноллақызы, 1988 жылы туған, «Сарыөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, қазақ, Ақмола облысы Зеренді ауданының Ақан ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
  3. Ақмағамбетов Медет Сайранбекұлы, 1984 жылы туған, Зеренді ауданының «Қанай би атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, қазақ, Ақмола облысы Зеренді ауданының Қарауыл Қанай би ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

 

 

Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
23 октября 2024